Шаш түсу: Алдын алудың қарапайым жолы

Шаш түсу: Алдын алудың қарапайым жолы
Фото: fb.ru

Көбіне, шаш дәруменнің жетіспеуінен түседі. Әсіресе, B12 витаминінің шашқа маңызы зор, деп хабарлайды Express басылымы.

Басылымға зерттеу жұмысын жариялаған ағылшын трихологы Филипп Кингслидің айтуынша, дәрумендер қанда қызыл денешіктер түзіп, жасушаларға оттегі жеткізетін арна құруға көмектеседі. Ондай жасушалардың ішінде шаш талшығы да бар. Ал ағзаға B12 дәрумені жетіспеген кезде, шаш талшығына барар оттегі де азайып, шаштың өсуі тоқтай бастайды.

Бұл дәрумен балғын жемістің, сиыр мен тауықтың бауырында, күйіс қайтаратын жануарлардың еті мен сүтінде, балықта, ірімшік пен йогуртта болады. Немесе арнайы дәрумен қоспасын сатып алып ішуге де болады.

Бірақ етті қуырудан барынша абай болған жөн, өйткені қуырылған еттің құрамында көптеген пайдалы, қоректік заттар жойылып кетеді. Дәрумендер де құртылады.

Ал диетолог Райан Раманның айтуынша, шаштың өсуіне авокадо мен бататтың пайдасы зор. Батат жемісінің құрамында бета-керотин бар, ол шаштың өсуін жылдамдататын көрінеді.

Қ. Слямбек