Тіс тазалағанда кездесетін қателіктер

Тіс тазалағанда кездесетін қателіктер

Ауыс қуысы мен тістің саулығы күнделікті дұрыс күтімнен басталады. Назарыңызға тіс тазалағанда жиі кездесетін қателіктер мен стоматолог Еркеғали Бекназаровтың тіс күтіміне қатысты кеңесін ұсынамыз.

Қылшағы қатты тіс щеткасын қолдану

Жаңа тіс щеткасын сатып алғанда көбі оның қылшағының қаттылығына қарайды. Алайда мұндай тіс щетқасы қорғаныс эмалін зақымдап, тіс пен қызыл иектің сезімталдығын жоғарылатады. 

Тісті қатты жуу

Щетканы қатты басып тазалау тістің сыртқы қабатына зиян. Бұл әдіс тісті тазалаудың орнына эмалді құртады.

Тісті аз уақыт тазалау

Стоматологтар тісті күніне екі уақыт тазалауға кеңес береді. Оған қоса тісті кем дегенде екі минут тазалау қажет екен. 

Тілді жумау

Әдетте ауыз қуысынан шығатын жағымсыз иісті кетіру үшін тілді жууды ұмытпау қажет. Өйткені тілдің бетінде әртүрлі бактериялар болады.

Тістің ішкі жағына мән бермеу

Тіс тазалағанда оның тек сыртына емес, ішкі жағына да аса мән беру керек. Өйткені тістің ішкі жағы жуылмаса, уақыт өте қара тастар пайда болып, кетуі қиынға соғады. 

Тіс щеткасын лас жерге қою

Тіс щеткасын үнемі таза ұстап, оны қоятын орынды да сүртіп, тазалау керек. 

Ескі тіс щеткасын қолдану

Тіс щеткасын барынша жиі ауыстырып тұрған дұрыс. Өйткені ескі тіс щеткасы тазалау қабілетінін айырылады.

Стоматолог кеңесі

Тіс щеткасы

Жұртшылық не тым жұмсақ, не тым қатты щетка сатып алып жатады. Бұл бірінші қателік. Тіс щеткасын қалай дұрыс таңдау қажет? Тым қатты да емес, тым жұмсақ та емес, қаттылығы орташа тіс щеткасын таңдау қажет. Қызыл иегі ауыратын, тіс эмаліне зақым келген адамдарға және 12 жасқа толмаған балаларға жұмсақ қылқанды щетка керек. Тіс щеткасындағы қылқанның ұзындығы 2-3 см, биктігі 2 см, ені 1,5 см болуы керек. Тіс щеткасын жиі ауыстырып тұруды ұмытпаңыз. Қаттысын үш айда бір рет, жұмсағын екі айда бір рет ауыстыру керек.

Тіс пастасы

Ең жиі кездесетін қателік – пастаны дұрыс таңдамау. Құрамында фтор бар пастаны таңдаңыз. Тісіңіз тым сезімтал болса, құрамында калий хлориді, калий цитраты, аргинин, стронций хлориді, гидроксиапатит бар пасталарды алыңыз.

Қызыл иегіңіз қанайтын болса, құрамында бактерияға қарсы заттары бар пасталарды таңдаңыз. Бірақ мұндай пастаны үш аптадан артық пайдалануға болмайды. Өйткені олар ауыздағы пайдалы микрофлора құрамын бұзады.

Тісті тазалау

Тіс тазалаудағы ең басты қателік – тіс щеткасын оңға-солға жүйткіп жүргізу. Тісті жоғары-төмен тазалау қажет. Сонымен бірге тісті тамақ ішіп болғаннан кейін бірден тазалауға болмайды. Себебі эмаль әлсіз болып тұрады. Тек 30 минут өткен соң тазалаған дұрыс.


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар