Жүрек кемістігін алдын алудың оңай жолы

Жүрек кемістігін алдын алудың оңай жолы

Жүрек ауруларының алдын алудың ең оңай жолы – дұрыс ұйықтау. АҚШ-тың жүрек ауруларын зерттеу қауымдастығы мамандарының Science Daily басылымына жариялаған зерттеуіне сүйенсек, дұрыс ұйқы көрмеген адамның жартысына жуығы жүрек ауруларының, соның ішінде жүрек кемістігіне душар болады.

Мамандар ұйқы мен жүрек аурулары арасындағы байланысты анықтау үшін 37-73 жас аралығындағы 407 мың адамның ұйқысын бақылауға алған. 10 жылдың ішінде бұл адамдардың арасында 5221-і жүрек кемістігіне шалдыққан екен. Сондай-ақ, күндіз емес, түнде ұйықтаған және тәулігіне бір уақытта 7-8 сағат ұйықтаған адамның жүрек ауруларына шалдықпайтыны анықталды.

Кешке ерте жатып, ерте тұрғандардың жүрек кемістігіне шалдығуы 8% аз, ал 7-8 сағат ұйықтағандардікі – 12%, шырт ұйықтайтындардікі – 17%, күндіз емес түнде ұйықтайтындардікі 34% аз болып шықты. 

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Ақын Әділет Ахметұлының "Жұмжұма сұлтан" атты кітабы жарыққа шықты
Ақын Әділет Ахметұлының "Жұмжұма сұлтан" атты кітабы жарыққа шықты
Нейропсихолог баланың жігерін қалай дамыту керегін түсіндіреді
Нейропсихолог баланың жігерін қалай дамыту керегін түсіндіреді
Головкиннің қарсыласы жайлы не білеміз?
Головкиннің қарсыласы жайлы не білеміз?
Марадона мәңгілік сапарға аттанды
Марадона мәңгілік сапарға аттанды
Ұзақ өмір сүру үшін қанша сағат ұйықтау қажет?
Ұзақ өмір сүру үшін қанша сағат ұйықтау қажет?
Назарбаев университетінің жатақханалары қандай?
Назарбаев университетінің жатақханалары қандай?