Көк шай мен табиғи шырындар коронавирусты емдей ме?

Көк шай мен табиғи шырындар коронавирусты емдей ме?
Фото: ria.ru

Ресейлік вирусолог Алексей Аграновский "көк шай, аскөк және анар шырынын коронавирустың нақты емі деп санауға болмайды" дейді.

Оның айтуынша, мұндай халық емі, шөптерден жасалған дәрілер вирусқа қарсы пайдалы емес.

"Адам ағзасында ештеңе вирусқа қарсы әсер етпейді, ондай құрал жоқ. Мұндай "ем" деп аталатын өсімдіктер мен дәрі-дәрмектер жалған үміт сыйлайды", - дейді ол.

Ол сонымен қатар пайдалы микроэлементтер мен дәрумендерге бай табиғи өнімдер иммунитетті көтеретінін, бірақ вирустарды жоюға ешқандай шырынның күші жетпейтінін атап өтті.

Бұған дейін Германиядағы Ульма университеті медицина орталығы молекулярлық вирусология институтының қызметкерлері аскөк шырыны коронавирустың ағзадағы белсенділігін төмендетіп, оның қоздырғышын 79%-ке төмендететінін айтқан. Зерттеушілер басқа табиғи шырындар, көк шай мен өсімдік полифенолдарының әсерінен аурудың күшін әлсіретуге болады деп есептеген еді.

Т. Раушанұлы