Коронавирус инфекциясы ақша мен смартфонда қанша уақыт сақталады?

Коронавирус инфекциясы ақша мен смартфонда қанша уақыт сақталады?

Аустралиялық ғалымдар коронавирус банкноттар мен смартфондардың экранында 4 аптаға дейін сақталатындығын зерттеу арқылы анықтады. Бұл мерзім – тұмау вирусы сақталатын уақыттан шамамен 2 есе көп. Зерттеу нәтижесі Virology Journal-да жарияланды.

Аустралиялық ауруды бақылау орталығының ғалымдары коронавирустың банкнотта, терезеде, сенсор экранында, метал мен темір тұтқада бір айға дейін сақаталатынын анықтады. Вирус өте төзімді және смартфон мен банкоматтың  шыны беттерінде бөлме температурасында 28 күнге дейін "өмір сүре" алады.

Зерттеу барысында дәл осындай температурада аталған материалдарда тұмау вирусының тіршілігі 17 күн екені анықталған.

Ғалымдар коронавирустың мақта сияқты күрделі және кеуекті беттері бар материалдардан гөрі тегіс және кеуекті емес беттерде өміршең екенін анықтады. Температураның жоғарылауымен вирустың тіршілік ету мерзімі күрт төмендейді, бұл суық мезгілде коронавирустың ұзақ сақталатынын растайды.

Ал тот баспайтын болаттан жасалған бұйымдарда, полимер банкноттарда, винилде және әйнекте коронавирус 20 градус ыстықта 28 күнге дейін жойылмайды. Ал температура 30 градусқа  көтерілсе бір апта, 40 градусқа көтерілсе 2 күн сақталады. Вирустың қағаз банкноттарда сақталуы да осындай.

Шыны және винилдегі вирустың ұзақ өмір сүруін анықтау өте маңызды, себебі смартфондардың, банкоматтардың және басқа да құрылғылардың сенсор экрандары жеткілікті түрде тазаланбайды. Бұл коронавирустың таралу ошағы болады. Сондай-ақ, коронавирустың банкноттарда ұзақ мерзім сақталуы вирустың адамдар арасында, тіпті географиялық аймақтар арасында таралуына мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, коронавирустың тот баспайтын болатта ұзақ уақыт бойы төмен температурада жойылмауы вирустың ет өңдейтін зауыттар мен тоңазытқыштарда не үшін кең таралғанын түсіндіріп, оны мұздатылған өнімдер арқылы да жұқтыруға болатындығын ескертеді.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

АҚШ пен Румыниядан жұмбақ монолиттер табылды
АҚШ пен Румыниядан жұмбақ монолиттер табылды
Назарбаев университетінде қандай атақты ғалымдар дәріс оқиды?
Назарбаев университетінде қандай атақты ғалымдар дәріс оқиды?
Эпиорнис құсы қалай жойылды немесе фольклордағы "рух" құсын білесіз бе?
Эпиорнис құсы қалай жойылды немесе фольклордағы "рух" құсын білесіз бе?
Нұр-Сұлтандағы Jekpe-Jek спорт кешеніне Жақсылық Үшкемпіровтің есімі берілді
Нұр-Сұлтандағы Jekpe-Jek спорт кешеніне Жақсылық Үшкемпіровтің есімі берілді
Қышқыл жаңбыр деген не?
Қышқыл жаңбыр деген не?
Ғалымдар неге пандемияны тоқтата алмай отырғанын айтты
Ғалымдар неге пандемияны тоқтата алмай отырғанын айтты