Пісте шағудың зияны мен пайдасы

Пісте шағудың зияны мен пайдасы

Бүгінде пісте шақпайтын адам аз шығар. Зиянды әдет деп есептемесе, пістенің де берер пайдасы көп. Оның құрамында өсімдік майы мен А, Д, және Е дәрумені көп. Ол қандағы холестерин мөлшерін азайтып, қартаю процесін баяулатады. Шаш пен тырнақтың мықты болуына әсер етеді.

Пісте цинк, фтор, йод, кальций, калий мен магнийге, темірге өте бай. Құрамында 25% ақуыз, 35% май және көмірсулар бар. Бұл байлықтарды дән бүкіл қыс бойы өзінде сақтайды. Сол себепті оны "табиғи консерві" деп атайды. Психологтар адам қатты ашуланған кезде немесе күйзеліс пен депрессияда жүргенде пісте шақса ойы бөлінеді дейді. Сонымен қатар пісте шағу темекіге деген тәуелділікті азайтып, ұйқысыздықтан құтқарады.

Пістенің зияны

• Тістің эмалін бұзады, тіс көркінен айырылып, қара дақтар пайда болады.

• Шамадан тыс пісте шаққан адам семіздікке душар болады.

• Дауысқа керіс әсер етеді.

• Пістені жиі шағатындар бүйрек пен жүйке жүйесі ауруларына көп шалдығады.

• Асқазанның ойық жарасы мен соқырішіек те осы пістеден бастау алады.

• Өт жолы ауыратын адамдар үшін пісте шағу зиян.

• Пістені қарт кісілер мен буын ауруымен ауыратын адамдардың көп шағуына болмайды.

Қорытындылай келе, осы жайларды таразыға салған мамандар аптасына жарты стақан ғана пісте шағу керек дейді. Одан аз не көп болса, денсаулыққа зиян тиюі мүмкін.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Әлемнің ең қауіпті елдері
Әлемнің ең қауіпті елдері
2020 жылғы "Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды
2020 жылғы "Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды
НАСА тіршілік іздерін іздеу мақсатында Шолпан планетасына зонд жібермек
НАСА тіршілік іздерін іздеу мақсатында Шолпан планетасына зонд жібермек
Итбегілік өнері ресми спорт түріне қосылуы мүмкін
Итбегілік өнері ресми спорт түріне қосылуы мүмкін
Қазақстандық оқушылар үшін тегін онлайн шахмат мектебі ашылды
Қазақстандық оқушылар үшін тегін онлайн шахмат мектебі ашылды
ФИФА ұлттық құрамада ойын өткізген футболшыға өзге құрамаға ауысуға рұқсат етті
ФИФА ұлттық құрамада ойын өткізген футболшыға өзге құрамаға ауысуға рұқсат етті