Күндіз алған жарақат түндегіге қарағанда тез жазылады

Күндіз алған жарақат түндегіге қарағанда тез жазылады

Бір қарағанда, түнде жарақат алған адам мен күндіз жарақат алған адамның жарасында айырма жоқ тәрізді: екеуі бірдей жазылады.

Алайда бәрі біз ойлағандай оңай емес. Кембридж университетінің мамандарының зерттеуі көрсеткендей, жараның жазылуы түскен жараның уақыты мен күндіз-түніне де байланысты екен.

Циркад ырғағы – тәуліктің белгілі бір уақытында тезірек жүретін интенсивті биологиялық үрдіс, көбінесе, күн мен түннің ауысуына байланысты. Мұндай биологиялық ырғақ жер бетіндегі тіршілік иелерінің бәріне ортақ: адамнан бастап микроб сынды микроағзаларға дейін болатын құбылыс. Соған қарағанда жер шарында тіршілік пайда болғанда қалыптасқан көне эволюциялық базис болса керек.

Әсіресе, фибробласт үшін биологиялық ырғақтың маңызы зор. Жасушыларды біріктіретін тінді фибробласт деп атайды. Жаңа тіндердің өсуіне каркас болатын бұл тін жараның жазылуына мүмкіндік беретін биологиялық лейкопластырь.

Зертханалық зерттеулерден адам фибробласты күндіз, ал тышқандікі түнде жылдам өсетіні белгілі болды. Мәселен, тышқанға жасалған тәжірибеден түнде жарақат алған кеміргіштердің жарасы күндіз жарақаттанғандарға қарағанда 11 есе тез жазылған.

Тәжірибенің рас-өтірігін білмек болған ғалымдар енді шынайы өмірде зерттеу жасайды. Эксприментке қатысқан адамдарды жарақат салып, ауруханаға жібереді. Кейін аурухана деректерін салыстырып қараса, күндіз жарақат алғандардікі түнде алғандардікіне қарағанда 1,5 есе тез жазылған.

Орташа есеппен алғанда, сағат кешкі 20.00-ден таңғы 8.00-ге дейін түскен жарақат 28 күнде, сағат таңғы 8.00-ден кешкі 20.00-ге дейін түскен жарақат 17 күнде жазылған.

Ғалымдар енді тәжірибе нәтижесін дәрі жасауда, жарақатты емдеуде қолдануды жоспарлауда.

Ал адамдардың түнде қауіпті жұмысты істеуден тартынғаны жөн.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Әлемнің ең қауіпті елдері
Әлемнің ең қауіпті елдері
2020 жылғы "Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды
2020 жылғы "Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды
НАСА тіршілік іздерін іздеу мақсатында Шолпан планетасына зонд жібермек
НАСА тіршілік іздерін іздеу мақсатында Шолпан планетасына зонд жібермек
Итбегілік өнері ресми спорт түріне қосылуы мүмкін
Итбегілік өнері ресми спорт түріне қосылуы мүмкін
Қазақстандық оқушылар үшін тегін онлайн шахмат мектебі ашылды
Қазақстандық оқушылар үшін тегін онлайн шахмат мектебі ашылды
ФИФА ұлттық құрамада ойын өткізген футболшыға өзге құрамаға ауысуға рұқсат етті
ФИФА ұлттық құрамада ойын өткізген футболшыға өзге құрамаға ауысуға рұқсат етті