Коронавирустың екінші толқыны ауыр бола ма?

Коронавирустың екінші толқыны ауыр бола ма?

COVID-19 тудырған пандемияның күзде келетін екінші толқыны көктемдегідей емес, жеңілдеу болмақ. Өйткені жазда күн сәулесінен әлсіреген коронавирустың күші бастапқыдай емес. Мұндай тұжырымға италья ғалымдары келді.

Итальяның Ұлттық астрофизика институты (Inaf) мамандары мен Милан мемлекеттік университетінің иммунологтары жөтелген, түшкірген адамның ағзасындағы коронавирус тамшысын алып күннің ультракүлгін сәулесімен өндеп зерттеу жасаған. Тәжірибе барысында коронавирусқа түскен күн сәулесінің аз мөлшерінің өзі оны әлсіретіп тастайтыны анықталды. Сондықтан күн ыстық мемлекеттерде эпидемиологиялық жағдай басқа елдерге қарағанда жақсы, коронавируспен ауырғандар аз.

Осындай деректерді негізге алған италья ғалымдары күзде келетін коронавирус толқыны әлсіз болады дегенді алға тартады.

– Жағдай қалай болатынын ешкім де нақты айта алмайды. Біздің ойымызша, коронавирустың екінші толқыны келеді, бірақ көктемдегідей емес, біршама жеңілдеу болады, – дейді зерттеу тобының мүшесі, иммунолог, профессор Марио Клеричи (Mario Clerici).

Клеричидің айтуынша, қазіргі коронавирустың қыста, ақпанда тараған коронавирустан айырмашылығы жоқ.

– Вирус әлі де қуатты, өзгере қойған жоқ. Бірақ жаздай ыстық күннің әсерінен біршама әлсірейтіні анық. Мәселен, көктемдегі вирустың сыртқа жайылған бөлшектері түгел дерлік белсенді, зиянды болса, қазіргісінің ауру шақыратын бөлшектері аздау, – дейді профессор.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа деректеріне көз жүгірсек, әлемде 14 млн адам коронавирусқа шалдығып, 600 мыңға жуығы көз жұмған.  

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Қуат Хамитов қарсыласын бірінші раундта жеңді (видео)
Қуат Хамитов қарсыласын бірінші раундта жеңді (видео)
Итбегілік – бабадан қалған асыл мұра
Итбегілік – бабадан қалған асыл мұра
Бас неліктен ауырады?
Бас неліктен ауырады?
Ағылшын сөздерінің екінші мағынасын білесіз бе?
Ағылшын сөздерінің екінші мағынасын білесіз бе?
Қалай жатып ұйықтаған дұрыс?
Қалай жатып ұйықтаған дұрыс?
Димаш саундтрегін орындаған Джеки Чанның жаңа фильмі шығады
Димаш саундтрегін орындаған Джеки Чанның жаңа фильмі шығады