Шаян уынан дайындалған қатерлі ісік емі

Шаян уынан дайындалған қатерлі ісік емі
Фото: yandex.kz

Реcей мен Бельгия ғалымдары бірігіп шұбар шаянның (Mesobuthus eupeus) уының молекулаларын бейімдеп, аутоиммунды ауруларды, кейбір онкологиялық ауруларды емдейтін дәрі жасап шығарды. Зерттеу қорытындысын жариялаған – Frontiers in Pharmacology ғылыми журналы.

Зерттеуде айтылғандай, шұбар шаянның уында жасушаның бөлінуі мен иммунитетке шабуыл жасау сынды физиологиялық қызметтерді жүзеге асыратын калий арнасын бітеуге көмектесетін молекулалар бар. Осы молекулалардың құрамын өзгерту арқылы аминқышқыл тізбегін құрып калий арнасының даму, өсу жолдарын бітеуге болады.

Яғни, зерттеушілер шаян уының құрамын жасанды түрде өзгерту арқылы қатерлі ісік пен басқа да қауіпті аурулардың өршуіне жағдай жасайтын калий арнасын бұғаттайтын қоспа дайындап шықты. Ғалымдардың алдында тұрған ендігі міндет – «мұндай ақуыз бен калий арнасының аймақтары бір-бірімен қандай байланыста әрекет ететінін» анықтай отырып, заманауи дәрі-дәрмек түрін жасап шығу.

Қ. Слямбек