Коронавирусты 6 секундта жоюдың жолы табылды

Коронавирусты 6 секундта жоюдың жолы табылды

АҚШ-тың Бостон университетінің зерттеушілері коронавирусты ультракүлгін сәулені түсіру арқылы жоюға болады деп мәлімдеді. Зерттеу Biospace порталында жарияланған.

Энтони Гриффитс бастаған микробиологтар SARS-CoV-2 вирусы түскен, жағылған материалдарды ультракүлгін сәуленің әртүрлі дозасымен өңдеп, патогеннің жойылу жылдамдығын бақылаған.

Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, ультракүлгін сәуленің 5 мДж/см2 дозасы кеңістіктегі коронавирустың 99 процентін 6 секунд ішінде , ал 22 мДж/см2 дозасы 25 секунд ішінде өлтіретіні белгілі болды.

Ғалымдардың айтуынша, ультракүлгін сәулесі бар 13 ваттық лампа ауданы 15 шаршы метр бөлмедегі вирусты толық жойып жібере алады.

Ультакүлгін сәуленің залалсыздандыру мен бактерияны, вирусты өлтіруге қолданылып келе жатқанына 40 жылдай уақыт болды. Осы күнге дейін одан бір де бір вирус тірі қалмаған. Бірақ оны жиі қолдану адам денсаулығына зиян.

Қ. Слямбек