Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Тек сол адам...
Тек сол адам...

Автор: Әсел Асанова

Статус: Редактор

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Ерініңіз жарылса...

Ерініңіз жарылса...

Ерініңіз жарылса...

Суық мезгілде еріннің жағдайы нашарлайды: жырықтар пайда болып, шытынайды. Оның себебі неде? 

Бұл қиындыққа көбінесе темекі шегетін, суды аз ішетін және еріндерін жалай беретін жандар ұшырайды. Сондай-ақ, дұрыс тамақтанбау, ағзадағы гормондар жұмысының бұзылуы, А, Е, В дәрумендерінің тапшылығы ерін жарылуына себеп болады. Диабет, диарея, фарингит ауруларымен ауырған кезде және дене температурасы көтерілген жағдайда да ерін жарылып кетуі мүмкін.

Осындай қиындыққа тап болсаңыз, рационыңызға дәрумендері мол азық-түліктерді қосыңыз. Әсіресе, Е дәруменіне ерекше көңіл бөліңіз. Көкөніс, жеміс-жидек, балық, бауыр етін көбірек жеуге тырысыңыз. Ерінге арналған сұйықтықтар мен кремдерді молынан қолданыңыз. 

Сондай-ақ ерініңіз жарылған болса, сізге А мен В2 дәрумені жетіспегені. Бұл жағдайда ауыз қуысы гигиенасына жеткілікті көңіл бөліну керек. Сондықтан, тек ерініңізге күтім көрсетіп қоймай, ауыз қуысына да көңіл бөліңіз. Тісті дұрыс күтіп, дұрыс тазалап, тілді тазалауды да ұмытып жүрмеңіз.

Егер ерініңіз ерекше қанап, қатты ауырып жатса, стрептокок, стафилокок және  Candida саңырауқұлақтарына анализ тапсырғаныңыз жөн болады. Мәселе сонда болса, ем алуыңыз қажет. С және В дәрумендерін, иммунитетті жоғарылататын сироптарды ішіп, ішімдік, ащы мен тұзды қысқартыңыз. 

Келесі ережелерді ұстаныңыз:

  • Ерінді жалап, қабықшаны жырмаңыз!
  • Гигиеналық далап қолданыңыз.
  • Таңертен тіс тазалап болған соң, жұмсақ тіс щеткасымен ерініңізге массаж жасаңыз. Бұл еріндегі қан айналымын дұрыстайды, сондай-ақ кішігірім пилинг болады.
  • Күнде кешке ерініңізге май (мысалы, шырғанақ майын) жағып жатыңыз. Еріннің терісі  - өте құрғақ, май шығармайды, ылғалға тапшы. 

Кеңестерді форумда талқылайық.

Сурет bt-lady.com.ua сайтынан алынды.

21715 14
Рейтинг: +2

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 14 ақпан 2012, 15:49
Пікірлер
+0
14 ақпан 2012, 17:32

Жақсы кеңестер екен. Ернім жарылып жүр еді.

+0
14 ақпан 2012, 21:53

"Ерін жарылса сүйісу керек"- дейді достарым.. Әй, қайдам...

+0
14 ақпан 2012, 22:10

Дұрыс айтады

+0
14 ақпан 2012, 22:22

Көмектеспеді ме? )))

+0
14 ақпан 2012, 22:51

Неге сынамасқа? Сіз қалайсыз?

+0
14 ақпан 2012, 22:25

сүйісіңдер, сонда ештеңе де жарылмайды!

+0
22 ақпан 2012, 16:41

Сүйісу емес еріңдеріңе помада жағыңдар балалар! соны да білмейсіңдер ме?

+0
15 ақпан 2012, 17:37

Шырғанақ деген не? Кім біледі? Сүйісу үшін де еріннің жарылмаған болғаны жақсы емес пе?))

+0
15 ақпан 2012, 18:13

облепиха

+0
16 ақпан 2012, 09:57

рахмет!

+0
17 ақпан 2012, 12:36

Білмедім ал, соны айтам ау, жарылған ерінді калай суйесің деймін да

+0
22 ақпан 2012, 16:44

Менім ернім жарылса, тоқалдарым әйтеуір помада жағып қояды! Мен әйел емеспін ғой деймін оларға! Сөйтсем жарылмас үшін екен ғой!

+0
13 наурыз 2012, 23:25

ап адеми еринмен суйискенге не жетсин ширкин!

+0
14 наурыз 2012, 00:00

Ериним коооп жарылады....Сонда суйиспегеннен бе?..Бирак тез жазылады)))...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...