7 кеңес: медициналық маска бөртпе туындатпас үшін

7 кеңес: медициналық маска бөртпе туындатпас үшін
Фото: 24.kz

Коронавирус әсерінен медициналық маска тағып жүру «жаңа әдетке» енеді деген болжам бар. Әрине, бұған бәрі бірдей қуана бермейді. Себебі медициналық масканы ұзақ уақыт тағып жүру әсерінен бетте түрлі бөртпе пайда болуы мүмкін.

Медициналық масканың теріге әсері қандай?

Егер оны 1-2 сағат қана тағып жүрсеңіз ешқандай кері әсері болмайды. Бірақ ұзақ қорғаныс кезінде жанама әсерді байқауға болады. Ұлыбританиядағы Хаддерсфилд университетінің зерттеушілері солардың тізімін жасады.

Механикалық тітіркену

Медициналық маска бетке мықтап жабысып тұруы керек. Нәтижесінде бет терісі қажалады. Егер қорғаныс маскасы бірнеше сағат тағылса, қан айналымы бұзылады. Тері нашар қан айналымынан тітіркене бастайды.

Терлеу

Медициналық масканы ұзақ уақыт тағып жүрген адамның беті жиі терлейді. Жоғары ылғал микробтың өсуіне тамаша жағдай жасайды. Микробтар қажалған, жырылған бет терісінен қанға оңай өтіп кетеді. Бұл қабынуды тудырады.

Аллергиялық реакциялар

Бір реттік пайдаланатын медициналық маскалар гипоаллергенді материалдардан жасалған. Синтетикалық матадан жасалған медициналық маска аллергиялық реакция тудыруы мүмкін.

Егер сіз медициналық масканы әр түрлі химиялық тазартқышпен жусаңыз тері бөртпесі пайда болады.

Кейбір адам медициналық масканы химиялық қоспамен жуып, кейін қайтадан тағады. Бұл әдіс сізді коронавирустан толық қорғай алмайды, керісінше бет терісінде аллергиялық реакция тудырады.

Медициналық маска таққанда бет терісінде бөртпе пайда болмауы үшін не істеу керек?

Біріншіден, бетті жиі жуыңыз. Әсіресе, медициналық маска тақпас бұрын бетті тазалап жуған абзал. Тері неғұрлым таза болса, микробтың қабыну қаупі соғұрлым төмен болады.

Екіншіден, медициналық масканы үйге келіп шешкеннен кейін тер мен жиналған кірді кетіру үшін бетті қайтадан жуу керек. Жеңіл гипоаллергенді сабын, көбік немесе гель қолдануыңызға болады.

Үшіншіден, бетті жуғаннан кейін ылғалдандырғышты қолданыңыз. Жеңіл ылғалдандырғыш немесе гель тері бөрпесін азайтуға септігін тигізеді.

Төртіншіден, медициналық масканы киер алдында бетіңізге қорғаныс кремін жағыңыз. Британдық тері күтімі мамандарының айтуынша, ұзақ күнгі медициналық маска тағып жүруден жарты сағат бұрын қорғаныс кремін жағу керек.

Бесіншіден, безеуді емдеу өнімдері кез келген дәріханада бар. Сондай-ақ, бөртпені хлоргексидин сияқты алкогольсіз антисептикпен сүртуге болады. Бұл терінің инфекциямен тезірек күресуіне мүмкіндік береді.

Алтыншыдан, медициналық масканы үнемі ауыстырып тұрыңыз. Ең дұрысы, ол тыныс алу салдарынан ылғалданады (әдетте бұл 2-3 сағаттан кейін байқалады). Медициналық масканы жиі ауыстыру микробтың көбеюін тежейді.

Егер сіз бірнеше рет қолданылатын медициналық масканы қаласаңыз, дұрыс матаны таңдаңыз. Теріге зақым келтірмейтін материал келесідей болуы керек:

– Ауа өткізгіш. Ауа өткізгіш матадан бет аз терлейді;

– Жұмсақ. Бұл механикалық зақымдану қаупін азайтады;

Жетіншіден, медициналық масканы әр қолданғаннан кейін мұқият жуыңыз. Гипоаллергенді сабынды қолданып қайнаған суға шайыңыз. Кепкеннен кейін үтіктеу міндетті емес.

Т. Раушанұлы