Коронавирусқа қарсы иммунитет жарты жылдан соң күшін жояды

Коронавирусқа қарсы иммунитет жарты жылдан соң күшін жояды

Коронавирусқа қарсы пайда болған иммунитет жарты жылдан соң күшін жоюы мүмкін. Амстердам университетінің ғалымдары жасаған зерттеуден кейін осындай тұжырымға келген. 

Соңғы 35 жылда ғалымдар тұмау шақыратын коронавирустың төрт түрін бақылаған. Сонау 1985 жылы басталған зерттеу кезінде коронавирусты қайта жұқтыру орта есеппен әр үш жылда болып отырған. Кейде көрсеткіш 12 айға дейін түскен. Бұған қоса ғалымдар ер адамдардың ағзасында антиденелер 6 айдан соң әлсіз болатынын анықтаған. 

Осылайша коронавируспен ауырған адам жарты жылдан соң індетті қайта жұқтыру қаупі бар екені белгілі болды. 

"Коронавирусқа қарсы иммунитет аз уақытқа ғана жасалады. Сол үшін де ұжымдық иммунитет қалыптастыру идеясы сәтсіздікке ұшырауы мүмкін", - дейді зерттеу басшысы Лия Ван Дер Хок.

Ғалымдар дәл қазіргі сәтте SARS-CoV-2 коронавирусын жұқтырғандарды бақылауға алып, зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

Пандемияының екінші толқыны күзде қайталануы мүмкін екені де айтылады. Дәрігерлер SARS-CoV-2 әр жылы күздің соңы мен көктемнің басында өрши түсетін маусымдық ауруға айналады дейді. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, әлем бойынша коронавирусты жұқтырғандардың саны 5,596 миллион адамнан асты. Ал елде 9932 коронавирусты жұқтырып, оның 4900-і емделіп шыққан. 

 
Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Бермуд үшбұрышы: ақиқат пен әпсана
Бермуд үшбұрышы: ақиқат пен әпсана
Коронавирустан үй жағдайында емделу
Коронавирустан үй жағдайында емделу
БҒМ құжаттарды қабылдау мерзімін ұзартты
БҒМ құжаттарды қабылдау мерзімін ұзартты
Коронапика, коронафейк – ковид кезіндегі жаңа сөздер
Коронапика, коронафейк – ковид кезіндегі жаңа сөздер
Коронавирус жұқтырғанда не істеу керек? – Профессорға сұрақ
Коронавирус жұқтырғанда не істеу керек? – Профессорға сұрақ
Chevrolet Malibu – әдемі дизайн мен қуатты қозғалтқыштың үйлесімі
Chevrolet Malibu – әдемі дизайн мен қуатты қозғалтқыштың үйлесімі