Тапсырыспен алдырған тағамнан коронавирус жұқтырмаудың 5 ережесі

Тапсырыспен алдырған тағамнан коронавирус жұқтырмаудың 5 ережесі
Фото: vk.com

FDA (Азық-түлік және дәрі-дәрмекті бақылау басқармасы) мәліметінше, қазіргі уақытта Covid-19-дың тамақ және оның қорабы арқылы таралатыны туралы ешқандай ақпарат жоқ. Егер коронавирус тағам немесе азық-түлік арқылы жұғатын болса, мейрамханалар мен азық-түлік дүкендері оның ошағына айналатын еді. Коронавирус адамдар арасындағы қарым-қатынас арқылы таралып жатыр.

Бірақ коронавирустың ылғал ауа тамшыларында 3 сағат, қағаз бен картонда 24 сағат, пластмассада 3 күн өмір сүре алатындығын есте ұстаған жөн.

Сода барлық бактерияны жояды

©skyscanner.net

Қауіпті вирусты жұқтырып алмау үшін мына 5 ережені ұстансаңыз артық етпейді:

1. Мүмкіндігінше ыстық тағамға тапсырыс беріңіз. Covid-19-дың қанша температурада жойылатыны туралы нақты дәлел болмағанымен, жалпы коронавирус атаулы 65 градус ыстықта жойылатыны белгілі. Егер сіз тапсырыспен алдыратын тағамнан вирус жұқтырып аламын деп алаңдасаңыз, қыздыруға болатын тағамды таңдаңыз.

2. Жеткізудің байланыссыз әдісін таңдаңыз. Коронавирус негізінен ауа тамшылары арқылы таралады. Сондықтан кез келген контакт арқылы, соның ішінде курьерлермен сөйлесуден өзіңізді шектеңіз.

3. Тағамды алдырғаннан кейін оны үстел немесе тоңазытқышқа салмай тұрып алдымен мұқият жуып алыңыз.

4. Тағамның қорабы арқылы коронавирус жұғуы дәлелденбегенімен, оның қорабын бірден қоқысқа тастаңыз, қолыңызды киіміңізге және аузыңыз бен мұрныңызға тигізбей тұрып тазалап жуыңыз.Қол жуу уақыты шамамен 20 секунд болуы керек.

5. Тамақты қыздырыңыз. Жоғарыда айтылғандай, 65 градуста асықпай қыздырыңыз. Мұны дәл өлшеу үшін ас үй термометрлерін қолданыңыз.

AliExpress, банан және алкоголь: Коронавирус туралы кең таралған фейк жаңалықтар

Айта кетейік, әлемдегі коронавирус жұқтырған науқастар саны 5 миллионға (4 млн 807 221) жақындады, оның ішінде еліміздегі Covid-19 жұқтырғандар саны – 6440 адам. Тағам мен азық-түліктердегі барлық бактерияларды қарапайым һәп арзан сода жоятыны туралы жазған едік. Оны: "Сода барлық бактерияны жояды" мақаламыздан оқи аласыздар.

Т. Раушанұлы