Маска – вирусты тоқтататын құрал

Маска – вирусты тоқтататын құрал
Фото: yandex.kz

Маска тағып жүрген адамдардың арасында коронавирус аз тарайды. Бұл жайлы Nature Medicine журналында жазылған халықаралық ғалымдары тобы жүргізілген зерттеуде айтылған. Мұны Lenta.ru жазды. 

Зертханалық зерттеу жасаған Гонконг университетінің ғалымдары маска тағып жүрген науқастардан түрлі вирустар мен бактериялардың аз тарайтынын байқаған. Олар экспериментке респираторлық вирустық инфекциясы бар 246 науқасты алып, оның 111-іне маска таққан. Содан маска таққан науқастардың демінен шыққан түрлі вирустар маскасыз жай жүрген науқастардың демінен шыққан вирустардан аз болған.

Зерттеу тобының мүшесі Джон Мильтонның айтуынша, маска коронавирустан қорғанудың сенімді құралы деуге болмайды. Оның орнына коронавируспен қоғамдық орындарды үнемі желдетіп, ультракүлгін шамдар орнатып күрескен әлдеқайда тиімді. Ультракүлгін шам кез келген вирусты өлтіруге қауқарлы.

4 сәуір күні АҚШ-тың Аурудың алдын алу және бақылау орталығы арнайы нұсқаулық шығарып, қоғамдық орында жүрген азаматтарға матадан тігілген максаны тағу керегін жазды. Ұйым мамандары коронавирусқа шалдықпаған азаматтарға да маска тағып жүруге кеңес береді. Өйткені коронавирусқа шалдыққанын адам өзі де сезбеуі мүмкін.

Қ. Слямбек