Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Коронавирус өкпені қалай зақымдайды?

Коронавирус өкпені қалай зақымдайды?

Коронавирус өкпені қалай зақымдайды?

АҚШ-тың Вашингтон университетінің ғалымдары коронавирустың қалай адам өкпесіне түсіп, зиян келтіретінін виртуалды технология арқылы көрсетіп берді. Мұны Джордж Вашингтон университеті жанындағы аурухананың ресми сайты хабарлады.

Университет мамандарының айтуынша, коронавирусқа шалдығуы мүмкін деген күдікпен ауруханаға 50 жастағы науқас келіп түскен екен. Басында аурудың белгілері еш байқалмаған. Бірақ бірнеше күн өткеннен кейін науқас адамның жағдайы қиындап, өкпесіне вирус тарап кеткені белгілі болады.

- Коронавирустың бастапқы белгілері әлсін-әлсін білінеді. Байқалмауы да мүмкін. Бірақ кейін ауру тез асқынып, өкпеге күш салады. Егер өкпенің қабынуы жақын арада басылмаса, өкпеге беріш түсіріп, ауыр зақым келтіреді. Содан адамның тыныс алуы да қиындайды, - дейді Джордж Вашингтон университетінің омырау хирургиясы бөлімінің жетекшісі Кит Мортман.

Ал науқастың өкпесіне жайылған вирустың сұлбасын визуалды технология арқылы көрсетіп, вирустың қаншалықты тез таралатынын бейнелеген. Кадрда COVID-19 вирусы 19 жасыл түспен белгіленген.

- Видеода вирустың өкпеге қалай тарағаны анық көрінеді. Өйткені өкпенің сау және ауру жасушасы бөлек-бөлек көрсетілген, - дейді дәрігер.

Дәрігердің айтуынша, COVID-19 инфекциясына шалдыққан науқастардың 20 пайызға жуығы қатты ауырады, өкпесі қабынуға душар болады. Мұндай науқастарды қолмен тыныс алдыруға тура келеді.

Вирустың ересек, қария адамдармен қатар жастарға да қауіпі зор. Өйткені АҚШ-та ауруханаға түсіп жатқандың көбі – жастар. Ауру жұқтырып, алайда симпоматикалары білінбеген азаматтардың өзі індет жаюшы ошаққа айналуы мүмкін. Өйткені вирус өте жұқпалы.

- Бұл бүкіл адамзатты жайлаған ғаламдық індет. Оған бейқам қарауға болмайды, - дейді Кит Мортман.

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Қымбат Слямбеков
Фото: yandex.kz
Қосылған күні: 27 наурыз, 17:48

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->