Баланы коронавирустан қорғау үшін не істеу керек?

Баланы коронавирустан қорғау үшін не істеу керек?

Елдегі мектептердің барлығы жабылып, балалардың білімі, коронавирустан қорғау міндеті ата-аналардың мойнына артылды. Ал баланы қауіпті індеттен қорғау үшін не істеген жөн?

Балаларға аз жұғады

Қытайда коронавирус жұқтырған алғашқы толқынның 72 мыңына ақпан айында зерттеу жасаған Американың JAMA медициналық қауымдастығы ауруға шалдыққандардың ішінде 19 жасқа дейінгілердің үлесі небары 2 пайыз ғана екенін анықтаған.

Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпан айында Қытайға барған іссапар есебінде де 18 жасқа дейінгі ауырғандардың үлесі 2,5 пайызды құраған. Бірақ құжатта «балаларға коронавирустың қаншалықты тез жұғатыны, балалардың коронавирусқа қаншалықты шалдығатыны, қандай клиникалық ауытқу туатыны жайлы нақты деректер жоқ» деп жазылған.

Pediatrics журналының коронавирус пен балаларға арналған зерттеуі әзірше ең ірі зерттеу жұмысы болып отыр. Журналдың жазуынша, балалардың көбі COVID-19 инфекциясын оңай көтереді, ал шамамен, 6 пайызы ауыр жағдайға душар болады. Мамандар иммунитеті әлсіз, өкпесі сыр берген 5 жасқа дейінгі балаларға бұл індет өте қауіпті дегенді айтады.

Қазіргі күнде не белгілі?

COVID-19 ауруы балаға да, ересекке де жұғады. Шэньчжэньде (Қытай) тараған инфекцияның талдамасына сүйенсек, балалардың коронавирусқа шалдығу қаупі ересектердің коронавирусқа шалдығу қаупімен бірдей.

Вирусқа шалдыққан баланың бойындағы ауру белгілері ересектерге қарағанда жай байқалады.

Бала кішкентай болған сайын қауіп соншалықты үлкен. Қытайда ауру жұқтырған 2143 балаға жасалған зерттеуде 5 жасқа дейінгі балаларға індеттің қауіпті екені, әсіресе, өкпесі ауыратындардың жағдайы қиын екендігі белгілі болды. Ал ең әлсіз топ – 1 жасқа дейінгі сәбилер, өйткені олардың иммунитеті әлі қалыптаспаған.

Балалардан да, ересектерден де ауру жұғады. Зерттеулерге қарағанда, коронавирус адамға жұққаннан кейін 2 апта бойы өзгелерге қауіп келтірумен болады. Кейде коронавирус жұқтырған адамның өзі ауру жұқтырғанын білмеуі мүмкін, өйткені белгілері өте жеңіл болуы ықтимал.

Ата-анаға кеңес

Pediatrics журналына зерттеу жариялаған авторлардың бірі, Виргини Университетінің инфекциялық аурулар бөлімінің басшысы, медицина ғылымдарының докторы Стивен Л.Зейхнер былай дейді: «Инфекция жұқтырған балалардың көбіне ауру белгілері әлсіз білінеді, кейде білінбеуі де мүмкін. Сондықтан балаларды басқа адамдардан алыс ұстап, гигиенасы мен тазалығына мән берген жөн».

Баланы қалай вирустан қорғаймыз?

- Балалардың басқа балалармен ойнауына, топталуына, үйіне баруына тыйым салыңыз.

- Ойынға, далаға жібермеңіз. Балалар алаңына жіберу қауіпті. Өйткені вирус таза ауада 48 сағат бойы сақталады. Одан да велосипедпен қыдырған жөн.

- Балаға қол жууды үйрету қажет, сабындап, тазалап жуу4  керек.

- Баланың киімі мен ойыншықтарын жиі жуу қажет.

- Баланы басқа біреудің қарауына қалдырмаңыз, әсіресе, атасы мен әжесінің қолында.

- Егер бала ауырып қалса, үйде болғаны жөн, ауруханаға апармай-ақ қойыңыз. COVID-19 ауруының белгілері болмаса үйде қалғаны абзал. Өйткені ауруханада жатқандардан вирус жұқтырып алу әлдеқайда қауіпті.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

АҚШ пен Румыниядан жұмбақ монолиттер табылды
АҚШ пен Румыниядан жұмбақ монолиттер табылды
Назарбаев университетінде қандай атақты ғалымдар дәріс оқиды?
Назарбаев университетінде қандай атақты ғалымдар дәріс оқиды?
Эпиорнис құсы қалай жойылды немесе фольклордағы "рух" құсын білесіз бе?
Эпиорнис құсы қалай жойылды немесе фольклордағы "рух" құсын білесіз бе?
Нұр-Сұлтандағы Jekpe-Jek спорт кешеніне Жақсылық Үшкемпіровтің есімі берілді
Нұр-Сұлтандағы Jekpe-Jek спорт кешеніне Жақсылық Үшкемпіровтің есімі берілді
Қышқыл жаңбыр деген не?
Қышқыл жаңбыр деген не?
Ғалымдар неге пандемияны тоқтата алмай отырғанын айтты
Ғалымдар неге пандемияны тоқтата алмай отырғанын айтты