Тіс щеткасын қалай таңдау керек?

Тіс щеткасын қалай таңдау керек?

Ауыс қуысы мен тістердің саулығы жүйелі тіс дәрігеріне қаралудан және күнделікті дұрыс күтімнен басталады. Бұл жерде дұрыс тіс щеткасын таңдау маңызды рөл атқарады. Қазір дүкен сөрелерінде олардың түр-түрі болғандықтан, арасынан сапалысын таңдау қиындау. Дұрыс тіс щеткасын таңдау үшін мынадай кеңес ұсынамыз.

Қол немесе электрлі тіс щеткасы?

Қазір электрлі тіс щеткалары адамды таңғалдырмайды. Себебі дүкеннен оның түр-түрін және қолжетімді бағаға кездестіруге болады: олардың басы айналатын механикалық түрінен бастап жоғары-төмен қозғалатын дыбыстық түрлеріне дейін бар. Мұндай гаджеттердің бір артықшылығы –  тістерді мұқият тазалауы және тіс етіне түсетін қысым деңгейін реттеуге көмектесуі.

Бізге бала кезден таныс мануалды немесе қол щеткалары – ең кең тараған тіс щеткалары. Олар ауыз қуысы гигиенасының базалық заты.

Стоматологтардың айтуынша, әр адамда тіс щеткасының екі түрі де болғаны дұрыс.

Синтетикалық немесе табиғи тіс щеткасы?

Өндірушілер өнімдерінің толық органикалық заттан (ағаш, табиғи талшықтар) жасалғанын айтқанымен, ол тіс щеткасы үшін әркез артықшылық бола бермейді. Себебі бұл материалдар жоғары кеуектілікке ие, яғни, бактериялардың таралуына жақсы орта болып келеді. Сондықтан мамандар синтетикалық материалдардан жасалған щеткаларды ұсынады.

Жұмсақ немесе қатты тіс щеткасы?

Жұмсақтық деңгейін таңдау ауыз қуысы мен тіс етінің жағдайына, ортопедиялық құрылым мен импланттың болуына және тіс жегі мөлшеріне байланысты. Өте қатты қылтандар эмальді зақымдауы, тіс етін қанатуы және стоматитке әкелуі мүмкін. Негізі тіс щеткасының қажетті қаттылығын тіс дәрігері ауыз қуысын қараған соң айтып беруі тиіс. Өте жұмсақ қылтандар, әдетте, тісті дұрыс тазаламайды. Бірақ ол жақында тіс жұлдырған немесе тіс емдеткен адамдарға пайдалы.

Ең дұрысы – қаттылығы орташа щетка алу. Ол қауіпсіздеу әрі тісті дұрыс тазалай алады. Сондай-ақ қылтандары түрлі ұзындықтағы щеткаға мән берген жөн.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Instagram Reels – TikTok-тың жаңа аналогы
Instagram Reels – TikTok-тың жаңа аналогы
Бала бақшаны қалай дұрыс таңдау керек? i-balaqai жобасында − Лейла Күленова
Бала бақшаны қалай дұрыс таңдау керек? i-balaqai жобасында − Лейла Күленова
Жер бетінен аралар жойылып кетсе не болады?
Жер бетінен аралар жойылып кетсе не болады?
Көлік сатып алушыға 5 кеңес
Көлік сатып алушыға 5 кеңес
Ұлттық құрама капитаны кәсіпқой боксқа ауысты
Ұлттық құрама капитаны кәсіпқой боксқа ауысты
10 тамыз Абай күні болып бекітілді
10 тамыз Абай күні болып бекітілді