Коронавирустың неліктен тез тарап жатқаны белгілі болды

Коронавирустың неліктен тез тарап жатқаны белгілі болды
Фото: yandex.kz

Қытайдың Ухань қаласынан шыққан вирус оны жұқтырған қытай азаматтарының көбінен ауру симптоматикаларының дұрыс анықталмауы кесірінен әлемге тез тарап кетті.

Өйткені коронавирустың белгілерін ешкім білмейтін, беймәлім болды. Мұны Америка ғалымдары айтуда. Зерттеу Science журналында жарияланған.

Қытай провинцияларының бірінен соң біріне тараған COVID-19 вирусының таралу географиясына математикалық есептеу жасаған АҚШ ғалымдары вирус дүрбелеңі басталған сәтте Ухань қаласының дер кезінде жабылмауы себебінен әлемге індет тарап кеткен деген пікірге келді. Ухань қаласы 2020 жылдың 23 қаңтарына дейін жабылмағаны белгілі.

Құжатқа тіркелмеген инфекция әлемге тарап, оны таратқан адамдардың 79 пайызында ауру белгілері мүлдем байқалмаған.

Ал Ухань қаласына кіріп-шығу тоқтатылғаннан кейін вирустың таралу күші біршама азайған.

- COVID-19 вирусының таралуына ауру белгілері байқалмаған науқастар себепші болған. Яғни, олар – өздері ауру жұқтырғанын білмеген не немқұрайлы қарағандар. Қытайда қазір ауруы анықтала қоймаған, бірақ вирус жұқтырған адамдар бұдан да көп болуы мүмкін, - дейді АҚШ-тың Колумбия университетінің зерттеу тобының жетекшісі, профессор Джеффри Шаман (Jeffrey Shaman).

Зерттеу авторлары ЖРВИ (ОРВИ) белгілері байқалған науқастардың өзін бақылауда ұстау қажеттігін айтады. Бұл да бір сақтық шара.

- Эпидемия жайлы ақпарат тарап, пойыздар мен ұшақтар тоқтаған соң, азаматтар ауру белгілерін біліп, сақтану шараларына көшкеннен кейін, вирустың таралуы да бәсеңдеді. Бірақ бұл вирустың жойылуына әсер ете ме, жоқ па, ол жағы белгісіз. Егер бұл вирус та 2009 жылы тараған H1N1 тұмау пандемиясына ұқсап жедел тараса, онда әлемді жаулаған эндемиялардың бесіншісі болмақ, - дейді ғалымдар.

Сондықтан ғалымдар коронавирус белгілері енді шыға бастаған мемлекеттер вирустың жасырын таралу жолдарын жабатын болса, онда қауіптен сақтануға мүмкіндігі мол екенін айтады.

Қ. Слямбек