Антисептикті үйде дайындау

Коронавирустың жаңа түрі пандемияға айналды: індет қазірдің өзінде 5 мыңнан астам адамның өмірін жалмаған. Вирустан сақтану шараларын жазған болатынбызСақтану шараларының біріне қолды жиі сабындап жуу және антисептик қолдану жатады. Антисептикті үйден қалай дайындауға болатынын ұсынамыз.

Қажетті ингредиенттер:

- 833,3 мл этил спирті;
- 41,7 мл сутек тотығы (перекись водорода);
- 14,5 мл глицерин;
- 110 мл таза су.

Бұл компоненттерді араластырып, аздап таза немесе қайнаған су құю керек. Нәтижесінде шамамен 1 л антисептик шығады. Оны ыдыстарға бөліп құйып қоюға болады. Мұндай антисептикті қол жууға мүмкіндік жоқ кезде жиі қолдану керек. Ал мүмкіндік болса, қолды аз дегенде 20 секунд бойы сабындап жуу ұсынылады.