Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Жаңа коронавирус пандемия болып жарияланды
Жаңа коронавирус пандемия болып жарияланды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) жаңа коронавирусты пандемия деп жариялады. Бұл туралы Женевадағы брифингте ұйымның Бас директоры Тедрос Адхан Гебрейесус мәлімдеді.

- Бұған дейін коронавирус тудырған пандемиямен бетпе-бет келген емеспіз. Бақылауда ұстауға болатын пандемиямен ешқашан күрескен емеспіз. [...] 114 елде тіркелген 118 мың жағдайдың 90 пайыздан астамы төрт мемлекетте анықталып отыр. Оның екеуінде – Қытай және Оңтүстік Кореяда сырқаттанғандар саны айтарлықтай азайды. Ауру жұқтыру жағдайлары, өлім-жітім мен ауру таралған елдер қатары көбейеді деп топшылап отырмыз… Біз COVID-19 инфекциясының таралуын пандемия деп сипаттауға болады деген тұжырымға келдік, – деді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы.

"Thousands more are fighting for their lives in hospitals.

In the days and weeks ahead, we expect to see the number of #COVID19 cases, the number of deaths, and the number of affected countries climb even higher"-@DrTedros #coronavirus

— World Health Organization (WHO) (@WHO) March 11, 2020

 

Пандемия

 

Пандемия - гректің "пандемос" деген сөзінен шыққан. Қазақша мағынасы "барлық адамға тиесілі" дегенді білдіреді. Пандемия — аурудың жаһандық ауқымда таралуы. Көбіне бұған адамнан адамға оңай жұғатын вирус түрі не жаңа штамм себеп болады. Вирустың жаңа штамы мутациялауға ұшырағанда ол оңай пандемияға ұласуы мүмкін. Маусымдық аурулар не эпидемия бұған дейін болған вирустардың түрінен шықса, пандемияда жаңа вирустар пайда болады. Оған қоса пандемия кезінде өлім саны да, пайыздық көрсеткіші де әлдеқайда жоғары. 

 

Әдетте пандемия өткен соң адам ағзасына оған тосқауыл болатын иммунитет пайда болады. Одан кейін бірнеше жыл бойы халық арасында эпидемия болуы мүмкін.

Эпидемия дегеніміз не? 

Қала, аймақ не мемлекетке тән. Бұл кезде жұқпалы ауру жұққан адамдардың саны болжанған көрсеткіштен артып кетеді. Егер ауру өзге мемлекеттерге ойысса, бұл пандемияға айналады.

Дайындаған: Нұржамал Үсенова
Фото: ilounge.u
Қосылған күні: 11 наурыз, 23:02
Ұқсас жазбалар:
Пандемия мен эпидемияның айырмашылығы қандай? Massaget.kz