Коронавирус ауада қанша уақыт тіршілік етеді?

Коронавирус ауада қанша уақыт тіршілік етеді?
Фото: REUTERS

Қытай ғалымдары COVID-19 вирусы ауада қанша уақыт тіршілік ететінін анықтады. Бұл туралы South China Morning Post басылымы мәлімдеді.

Ғалымдар жүргізген зерттеуге сәйкес, коронавирусты жұқтырмау үшін 4 метр қашықтықты сақтау қажет. Оған қоса, ғалымдар ауру адам түшкірген не жөтелген жерде коронавирус бірнеше күн сақталуы мүмкін екенін анықтаған. Сол үшін де мүмкіндігінше барлық жерде арнайы тазарту жұмыстарын жүргізу керек. 

Коронавирус жұқтырған автобус жолаушысын зерттеген ғалымдар осындай қорытындыға келген. Оған қоса ғалымдар видеобақылау арқылы автобусты бірнеше күні бақылауда ұстаған. Коронавирус жұқтырған ауру медициналық маска тақпағандықтан ол автобустан түссе де одан кейін вирус бірнеше күн тіршілік етуі мүмкін.

Нәтижесінде ауру адамнан төрт метр алшақ отырған жолаушылардың өзі вирусты жұқтырған. Өйткені олар медициналық маска тақпай, вирустың ағзаға тез енуіне ықпал еткен. 

Коронавирустан қорғану жаднамасы

Ғалымдар айтуынша, вируста ауада қанша уақыт тіршілік ететіні қоршаған ортаға мен ауа температурасына байланысты. Мысалы, Цельсий бойынша 37 градус ауа температурасында коронавирус екі не үш күн бойы әйнекте, матада, теміде, пластикте және қағазда тіршілік ете алады екен. Ал вирус жабық кеңістікте екі-үш есе тез таралады. 

Коронавирус жұқтырған адаммен жақын қарым-қатынаста болған жағдайда жөтел немесе түшкіру кезінде, яғни ауа арқылы құрамында вирусы бар сілекей арқылы жұғады. Бұл тамшылар кісінің жанында тұрған адамға жетіп, қасындағы адам оны жұтып қоюы мүмкін. Сонымен бірге, вирусты тамшылар әртүрлі заттардың бетіне де, мәселен автобустың орындығына, кітап пен клавиатураға, тінтуірге шашырауы ықтимал. Сол үшін әрдайым қолды таза сумен жуып отырған жөн. Алақанды ысқылай жуып, буынның сыртқы бөлігінде, саусақтар мен тырнақ ішін де тазалап отыру керек. Қолды шамамен 20 секундтан артық жуу керек. Жөтелген немесе түшкірген кезде мұрые бен ауызды  қол орамалмен жабу керек.

Медициналық маска кішкентай аэрозольды бөліктерден сақтай алмайды. Сонымен қатар маска көзді де қорғай алмайды. Көз арқылы да вирус ағзаға еніп кетуі ықтимал. Басқаша айтқанда маскалар коронавирус инфекциясынан жеткілікті дәрежеде қорғай алмайды.

 
А. Рысдәулет