Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жаңа коронавирусқа байланысты жағдайды толық бақылауда ұстауда. Сондай-ақ ҚХР және шекаралас мемлекеттерден келген азаматтарға мониторинг жалғасуда. Бұл туралы министрліктің ресми сайты хабарлады.
ҚР ҰҚК Шекара қызметінің деректері бойынша ағымдағы жылғы 1-29 ақпан аралығында Қазақстанға мемлекеттік шекараның өткізу пункттері арқылы барлық елдерден 1 539 744 адам, оның ішінде ЕАЭО елдерінен 901 305 адам келген.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жаңа коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін келесі алдын-алу шараларын сақтау қажет:
- қолдарыңыз бен бетті сабынмен жиі және мұқият жуыңыз;
- қолды залалсыздандыруда спиртті антисептиктерді қолдану;
- адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болыңыз;
- науқас адамдармен байланыста болмауға;
- суық тию белгілері (жоғары температура, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болған жағдайда, тұрғылықты жеріңіз бойынша дәрігермен кеңесу керек.
Ресми ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің Фейсбуктегі парақшасынан оқи аласыздар және туындаған сұрақтар бойынша 1406 нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін Call-орталығына қоңырау шалуға болады.