Жасанды серік түсірген суреттер Қытай аспанындағы ауа біршама тазарғанын көрсеткен. Бұған коронавирус карантиніне байланысты зауыттардың тоқтауы себеп болған. Бұл туралы NASA ғарыштық агенттігі хабарлады.
Қазір COVID-2019-ға байланысты Қытайдағы барлық зауыт мен фабрика белгісіз уақытқа жабылған.
Медицина профессоры Алмаз Шарман коронавирусқа қатысты кеңес берді
NASA агенттігі түсірген суреттерде Қытай аумағындағы ауа құрамындағы азот оксиді мөлшері бұрынғыдан азайған. Ауаның тазалануы алғаш коронавирус ошағы болған Ухань қаласының аспанынан байқалған.
Ауаның тазаруына бір жағынан қоқыстың азаюы және транспорт көліктерінің тоқтауы да себеп болған.
Ғарыш агенттігі зерттеушілерінің айтуынша, ауаның бұлай бірден тазаруы бұрын-соңды болмаған оқиға. Бұдан бұрын ауадағы улы элементтердің азаюы 2008 жылы қыржылық тоқырау кезінде байқалған. Бірақ ол уақытта улы газдар қазіргідей емес, ақырын азайған.
Айта кетейік, Қытайдағы Ухань қаласында пайда болып әлемнің 58 еліне таралған коронавирустың жаңа түрі – COVID-2019 дүниежүзі экономикасына қауіп төндіріп тұр.
Коронавирус: жарқанаттар не себепті қауіпті вирустар тасиды?
ҚХР Мемлекеттік денсаулық сақтау комитетінің мәліметі бойынша, Қытайдағы жаңа коронавирусты жұқтырғандар саны 80 026 адамға жетті, оның ішінде 2912 адам қайтыс болды, 44 462 адам емделіп, ауруханалардан шығарылған.
Билік сонымен бірге қазіргі уақытта коронавируспен ауыратындардың жалпы саны 32 652 адамды деп мәлімдеген.
Өткен тәулік ішінде республика бойынша 202 жаңа инфекция оқиғасы анықталды, 2837 адам ауруханадан шығарылды, Хубей провинциясында 42 адам қайтыс болды.
Соңғы 24 сағат ішінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Қытайдан тыс жерде жаңа коронавирус жұқтырудың 1160 жағдайын анықтады, жұқтырғандардың жалпы саны 7169-ға жетті.
ДДСҰ есебінде коронавирустық инфекция Қытайдан басқа 58 елде тіркелген. Өлім саны 104-ке дейін өсті (күніне 18). Соңғы 24 сағат ішінде вирус тағы бес елге – Әзірбайжан, Эквадор, Ирландия, Монако және Катарға тараған.