- Негізгі бет
- Денсаулық
- Таңғы асты тастама,...
Таңғы асты тастама, кешкі асқа қарама
Қазақ халқы «Ас – адамның арқауы» деп ас-тағамды ерекше қадірлеп, қастерлейді.
«Ас үс-тінен аттама, астан үлкен емес-сің» деп асты бәрінен де артық көрген. «Арпа, бидай – ас екен, алтын-күміс – тас екен» деп асты алтын мен күмістен жоғары қойған. Сондықтан да үйіне келген адамға «қуыс үйден құр шықпа» деп ас-тағамын ұсынады.
Қандай адам болса да алдына ас келгенде тік отырып, одан дәм татуға міндетті. Тіпті, хан болса да алдына ас келгенде алтын тағынан түсіп, тәбеті тартпаса да одан міндетті түрде ауыз тиеді. Қазақ ұғымында ешқандай адамның дәмнен бас тартуға құқы жоқ. Дәмнен бас тарту өте көргенсіздік, тәрбиесіздік саналады. Алайда қазақ халқы «таңертеңгі асты тастама, кешкі асқа қарама» деп қандай асығыс, шұғыл шаруасы болса да, таңертеңгі асты тастамай ішеді. Ең бол-мағанда одан ауыз тиеді. Керісінше «Кешкі асқа қарағанның түні қараң» деп кешкі асты бағып отырмайды.
«Тал бесіктен жер бесікке дейін» кітабынан
Қ. Слямбек