Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол МОЛДАЖАН

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Коронавирусты қанша уақытта емдеуге болады?

Коронавирусты қанша уақытта емдеуге болады?

Коронавирусты қанша уақытта емдеуге болады?

Ғалымдар Қытайдағы коронавирустың жаңа түрінен жазатын вакцинаны әлі жасап шығарған жоқ. Дегенмен ҚХР Мемлекеттік комитеті сарапшылар тобының өкілі Ли Синванның айтуынша, вирусты жұқтырған адамдарды екі аптада емдеуге мүмкіндік бар.

Егер вирус ерте сатысында анықталса ем бір аптаға созылады екен. Ал орта не асқынған сәтте екі апта ішінде емдеп-жазуға мүмкіндік бар. Дегенмен коронавирус жұқтырды деп күдектенген адамдар қауіпсіздік үшін кем дегенде үш апта емханада емделу қажет. Мемлекеттік комитеті сарапшылар тобының мәліметінше, уақыт өте жазылып шыққан адамдардың саны арта түседі. 

Әзірге Қытай үкіметінің қолданып жатқан емі толыққанда коронавирустан жазады деген ресми ақпарат жоқ. Алайда Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдың емдеу жолына сенетінін мәлімдеді:

– Бұл батыл қадам. Қытайдың қолданып жатқан емі аурудың алдын алып, оның таралуын тоқтатады деп сенеміз, – деп келтіреді БДСҰ басшысы Адан Гебреисустың сөзін Ресейдің РИА "Новости" басылымы. 

Бұған дейін Қытай үкіметі 2019-NCoV штамы адамнан адамға берілуі мүмкін екенін ресми мойындады. Қазіргі сәтте өткен жылдың желтоқсан айында басталған коронвирус ауруын 4500 адам жұқтырған. Оның ішінде 100-ден аса адам көз жұмғаны туралы ақпарат бар. Қатерлі вирусты жұқтыру жағдайлары Гонконг, Тайвань, Таиланд, Жапония, Оңтүстік Корея, АҚШ, Канада, Вьетнам, Сингапур, Франция, Германия, Непал, Аустралия және Малайзия елдерінде тіркелген.

Қытай билігі 2019 жылы 31 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Ухань қаласында белгісіз вирустың тарай бастағанын хабарлаған. Мамандар Ухань қаласындағы теңіз өнімдері базарынан алынған сынамаларды зерттеп, вирустың қайнаркөзі сол базарда сатылған жабайы жануарлар болғанын анықтаған. Алайда әзірге коронавирустың нақты қайдан пайда болғаны туралы ақпарат жоқ. Мамандар қауіпті вирус 2017 жылы Ухань қаласында әлемдегі ең қауіпті вирустар мен патогендерді зерттеуге арналған Ұлттық биоқауіпсіздік зертханасынан шығуы мүмкін екені немесе адамға жұғатын қабілетке ие болған вирус жыланнан адамға берілген деп топшылап отыр

 
0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Айбар Рысдәулет
Фото: Asia-times.org
Қосылған күні: 28 қаңтар, 15:31

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.