Коронавирустың басты белгілері қандай?

Қытайдан шыққан коронавирустың жаңа түрі әлем елдері назарында. Сырқатқа шалдыққан және көз жұмғандар саны күн санап артып келеді. Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұл дерттің Қазақстан аумағына таралуына жол бермеу жөнінде нақты ұйымдастыру шаралар қабылдауды тапсырды. Ал Денсаулық сақтау министрлігінде коронавирусқа қатысты сұрақтар бойынша байланыс-орталығы құрылды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 1406, +7 7172 76 80 43 байланыс-орталығына азаматтар тәулік бойы хабарласып, коронавирустық инфекцияға қатысты кез келген сауалын қоя алады және алдын алу шаралары мен аурудың симптомдары жайлы білуге болады, - делінген министрліктің facebook парақшасында.

Бастың ауыруы, суық тию, кеуде тұсының ауырсынуы, пневмония, қалтырау, дене қызуының көтерілуі, жүрек қағысының жиілеуі, тыныс алудың жиілеуі сынды симптомдарды байқасаңыз, 103 нөмiрiне хабарласыңыз.

Басты белгілері төмендегі инфографикада көрсетілген.