- Негізгі бет
- Денсаулық
- Артық салмақ қосатын...
Артық салмақ қосатын әйелдердің көбі асығыс тамақтанады
Жаңазеландиялық мамандар әйел адамдардың артық салмақ қосуына басты себеп - тез тамақтану деп түйіп отыр. Өйткені көбіне әйелдер тамақ жегенде асығыстық танытады. Тез тамақтануға тура келетін сәттер аз емес: таңертең кеш тұрып, жұмысқа асығу, жұмыста түскі ас уақытының аз болуы, қарбаластар кезінде тамақтануға дұрыс уақыт бөлмеу, және т.б.
Осы тұжырымның анығына жету үшін екі жыл бойы 1500 әйел адамға зерттеу жүргізілген. Нәтижесінде тамақтану кезінде әй-шәйға қарамай асығыс асқазанның қамын ойлайтындардың тез және көп мөлшерде артық салмақ қосуына өте көп мүмкіндігі бар. Сонымен қатар бұл заңдылық көбіне 40-50 жастағы қартаң жастағы әйелдерге қатысты.
Азықтардың асығыс асқазанға жетуі артық салмақ жинайды. Демек, бұл рас! Мұны Отаго Университетінің ғалымдары да мойындап отыр. Зерттеудің төрағасы Кэролайн Хорват тез тамақ жеу арқылы жиналған артық салмақтан арылу қиынға соғатынын айтады.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: kaliningradtoday.ru
А. Әбілхан