Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Адам температурасы бір жарым ғасырда жарты градус төмендеген

Адам температурасы бір жарым ғасырда жарты градус төмендеген

Адам температурасы бір жарым ғасырда жарты градус төмендеген

ХІХ ғасырдың ортасынан бастап адам температурасы төмендей бастаған. Нақтырақ айтсақ, Цельсий бағамы бойынша 37-ден 36,6 градусқа түскен. Мұндай ақпарды eLife журналы америкалық ғалымдар зерттеуіне сүйеніп жариялады.

Зерттеушілер әр кезеңдегі ғылыми жұмыстарды назарға алған. Біріншісі – 1860 және 1940 жылдар аралығы. Одан кейін 1971-1975 жылдар аралығын қараған. Үшінші 2007-2017 жылдар аралығындағы еңбектерді зерттеген. Нәтижесінде адамның орташа температурасы төмендеп келе жатқанын аңғарған. ХІХ ғасырда 37°C қалыпты температура болса, қазір 36,6°C-қа тең. Бұл дегеніміз адам температурасы жыл сайын 0,003–0,004 градусқа төмендеп келе жатқанын көрсетеді.

Ғалымдар адам температурасының төмендеуін қазіргі өмір сүру жайымен түсіндіреді. Қимыл-қозғалыс азайған. Кеңседе отырып жасайтын жұмыстар көбейгендіктен адамдар күніне көп энергия да жұмсамайды. Соның әсерінен адам температурасы төмендеп бара жатыр деген қорытындыға келген.

Негізінен денедегі температураның болмашы ғана өзгерісі ағзада қандай да бір процестің, аурудың басталғанынан хабар береді.

Температура көтерілуінен ағзадағы барлық процесс жылдамдай түседі. Бактерияларды жоюға жауап беретін қан түйіршіктері жиі тыныс алуымыздың арқасында белсенділігін арттырады. Екінші жағынан, температураның көтерілуі қандағы ақуыздардың бұзылуына алып келеді.

Дайындаған: Нұржамал Үсенова
Фото: namvd.ru
Қосылған күні: 17 қаңтар, 15:26

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.