Суды жеткілікті мөлшерде ішпеудің зияны

Суды жеткілікті мөлшерде ішпеудің зияны
Фото: freepik.com

Ересек адам тәулігіне өз дене салмағының әр килограмына 30-40 мл су ішуі керек. Мысалы салмағыңыз 50 кг болса, тәулігіне шамамен 2 литрден аса су ішуіңіз керек екен. Оны жеткілікті мөлшерде ішпеу ағзаға зиян.

Жүрекке қысым түседі
Ағзадағы талшықтар құрғаса, жүрек жұмысы қиындайды, өзара тепе-теңдікті сақтаймын деп жүрек қысылады. Бұлшық еттің өзі де қорекке зәру. Жүрек тіндеріне қажетті қан мөлшері кеп құйылған жағдайда ғана жеткілікті энергиямен қамти алады. Тек осылайша жүрек жұмысы қалыпқа түседі.

Бас ауруы
Қан құрғаса, тамырлар да еркін қозғала алмай, артериялық қысым көтеріледі. Бас сүйекке сұйықтық жетіспегендіктен ми қысылып, бас ауырады.

Бүйректе сұйықтық жиналады
Адам суды аз ішсе, бүйрек оны қор ретінде денеде сақтап қалуға тырысады. Егер бұлай жалғаса беретін болса, токсиндер мен шлактар жинала береді. Бұл бүйректе инфекция тарап, тұз жиналып, тас түзілуіне де әкеп соғуы мүмкін.

Дене қызуды реттеу қабілетінен айырылады
Тер шығару арқылы адам ағзасы салқындап, өз температурасын бір қалыпты ұстап тұрады. Дене құрғаған кезде саңылаулардан шығатын сұйықтық азаяды да, ол ішке ыстық болып жинала береді. Нәтижесінде бұлшық еттің тартылу қабілеті төмендеп, адам үнемі шаршаңқы жүреді.

Тері құрғайды
Ағзаға су жетпегенде, ол басқа мүшелерден алынады. Ал терідегі ылғал азайып, құрғай бастаса, оның иілгіш қасиеті жоғалып, жараланса ұзаққа дейін жазылмайды. Тері микрофлорасы өзгеріп, ісік пайда болуы да мүмкін.

@. @assel_assanova