- Негізгі бет
- Денсаулық
- Ішке май неден...
Ішке май неден жиналады?
Кейде физикалық жаттығулар мен арнайы диета да іштегі майды кетіруге көмектеспеуі мүмкін. Ол үшін кей әдеттерден бас тарту керек. Ол қандай әдеттер немесе дағдылар? Расымен ішке май неден жиналады екен? Диетологтар кеңесіне жүгінейік.
1. Компьютер немесе теледидар алдында тамақтану
Монитор алдына тамақ алып отырмаңыз. Қанша жегеніңізді, тойғаныңызды білмеу қалуыңыз мүмкін. Соның әсерінен ішке май жиналады.
2. Жылдам ішіп тұру
Иә, жылдам тамақтануға да болмайды. Себебі асқазан толғаны жайлы хабарды миға 15-20 минуттан кейін береді. Сондықтан диетологтар 25-30 минут тамақтану жайлы кеңес береді.
3. Кез келген уақытта тамақтану
Қалаған уақытыңда тамақ ішу – ішке май жиналудың басты бір себебі. Күнде тамақтану үшін белгілі бір уақытты таңдау керек. Әдетте бұл жайында арнайы кеңестер мен уақыт тізімі жетерлік. Сондықтан бірін ұстануға тырысыңыз.
4. Бірден көп жеу
Бірден көп тамақтануды әдетке айналдырмаңыз. Біртіндеп азайтып, арасына уақыт салып жүрек жалғасаңыз, тіпті жақсы.
5. Майлы және тәтті тағамға жақын болу
Аса майлы және тәтті тағамдарды көп тұтыну да зиян. Ара-арасында болмаса, жиі жеуге немесе ішуге болмайды. Соның әсерінен ішке май жиналады.
6. Диетаны дұрыс ұстамау
Диетаны да дұрыстап ұстау қажет. Бірде диетолог кеңесіне құлақ асып, бірде жадыңнан шығарып, бірде өзіңе кешірім жасап жүрсең... онда өз ісіңе қарсы шыққаның. Себебі қатаң диетаны ұстап жүріп, оны тастап кеткеннен кейін адам тез салмақ қосады.
7. Фаст-фуд өнімдерін көп жеу
Иә, шаршап тұрғанда немесе асығыс кезде фаст-фуд сатып алып, жүрек жалғай саламыз. Кейде күн сайын қайталанып та кетеді. Тамақ жасауға ерініп қалғанда жылдам дайын болатын тағамдарға құмартамыз. Мұның барлығы ішке май жиналуға себеп болады.
Деніңіз сау болсын, оқырман!
Н. Үсенова