Қан қысымын көтеретін азық-түлік

Қан қысымын көтеретін азық-түлік
Фото: pixabay.com

Кофе қан қысымын көтеретінін барлығы біледі. Гипертониямен ауыратын адамдар оны мөлшерімен қолданып отыруы керек. Бірақ бұл қан қысымы төмен адамдардың қысымын қалпына келтіретін жалғыз өнім емес.

Тұзды тағамдар
Құрамында тұзы көп тағамдар қан қысымын көтереді. Оны шектен тыс қолдансаңыз денеде су тапшылығы орнап, жиі шөлдетеді. Басқаша айтсақ, тұзы өте көп тағамды жегеннен кейін адам жиі-жиі су ішіп, қан көлемі көбейеді де, қысымы көтеріледі. Адам қанында натрий хлориді көбейгендіктен гипертония тууына себеп болады.

Қысымды көтеретін тағамдар:
• тұзды балық;
• қақталған тағамдар;
• саңырауқұлақ;
• тұзды қияр;
• зәйтүн;
• ащытылған қырыққабат;
• балық, көкөніс консервісі;

Құрамында кофеині бар өнімдер
Гипертония диагнозы бар адамдар бұл өнімді қолданарда абай болуы керегін жазған едік. Алайда құрамында кофеині бар басқа да сусындар көп. Ол қара және көк шай, какао, шоколад. 

Қызылша шырыны
Медицина қызметкерлерінің сөзіне сенсек, 200 мл қызылша шырынын күн сайын ішіп отырса, қан қысымы төмен адамдар дың қысымы толықтай қалпына келеді екен. Сонымен қатар герк жаңғағы, алма қағы, өріктің, қараөріктің кептірілген түрі де қан қысымын қалыпқа келтіреді. Ал қан қысымы жоғары адамдар қызылша шырынынан мүлде бас тартқаны абзал. Ұн өнімдері де қан қысымын көтереді.

@. @assel_assanova