Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Тәттінің миға әсері

Тәттінің миға әсері

Тәттінің миға әсері

Қантты көп мөлшерде тұтыну артық салмаққа әкеліп, кариес пен диабет ауруына шалдықтыратынын біле тұра одан бас тартқымыз келмейді. Кейде құрамында қанты көп балмұздақ, кәмпит не газдалған сусынды өзіміз байқамай мөлшерден тыс тұтынатын кездеріміз болады. Қантқа тәуелділік қайдан пайда болады? Оның миға әсері қандай?

Неге біз тәттіні жақсы көреміз?

Глюкоза — кеңінен таралған күш-қуат көзі. Қантты тұтыну арқылы денедегі жасушаларға жылдам қуат береміз. Осыдан барып біздің ағзамыз тәттіні ең қажетті қуат көзі деп санайды. 

Тәтті тағамды тұтынғанда біздің миымыз дофамин деп аталатын ерекше гормонды көп мөлшерде бөледі. Бұл гормон адамның ләззат алуына жауап береді. Осы себепті адам әркез құрамында глюкозасы көп тәтті тағамдарға құштар болып келеді. Дофамин көп бөлінгенде адам тәттіні көбірек жегісі келе түсетіні осыдан. 

Тәтті тағамға тәуелділікті есірткіге тәуелдікпен теңеу туралы ғалымдар мен дәрігерлер он жылдан бері таласып келеді. Адамның өмір сүруіне ең қажетті деп саналатын тамақты қалайша есірткіге теңеуге болады дерсіз. Бірақ әлемде күйзеліс не аш кезде тәттіге деген ынтасын тоқтата алмайтын адамдар бар. Тәттіге құмарлықты азайту үшін онымен кәдімгідей күресу қажет. Өйткені бұйрық тікелей мидың префронтальді қабығында жиналған тоқтату нейрондарынан келіп түседі. 

Тәттіге деген тәуелділіктен қалай арыламыз?

Ұзақ уақыт бойы тәтті тағамды үзбей тұтынған адамдарда тоқтату нейрондарының жұмысы әлсіреп, шешім қабылдауы қиындай түседі. Сол себепті тәттіге құмар адамдар сүйікті тағамынан ауыз тимесе тұра алмайды. Алайда тәттіден де бірден бас тарту дұрыс емес. Рационның бір сәтте өзгеруі тоқтату нейрондарына кері әсер етіп, оның жұмысының одан сайын әлсіреуіне әкеп соғады.

Жақында өткізілген зерттеуде адамдардың қарны аш және тоқ кезінде калориясы жоғары тамақты жеуді ұсынған. Тәтті тағамдарды тұрақты тұтынатындар қарны тоқ кезде де тамақты жеуден бас тартпаған. Бұған қарап тәтті тағамды тұрақты тұтынатындар уақыт өте оның мөлшерін көбейтпесе азайтпайтынын білдіреді. Бұл өз кезегінде түрлі ауыр дерттерге әкеп соғады. 

Дәрігерлер тәтті тағамның орнына кептірілген жемістер, үйеңкі шырыны, бал, жералмұрт шырыны, мальтоза сірнесі, пальма қанты және стевия шөбін тұтынуға кеңес береді.

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Айбар Рысдәулет
Фото: freepik.com
Қосылған күні: 20 қараша, 11:30

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.