Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Ғалымдар: Вейп түтінін жұту – ажал жұтумен бірдей

Ғалымдар: Вейп түтінін жұту – ажал жұтумен бірдей

Ғалымдар: Вейп түтінін жұту – ажал жұтумен бірдей

Қазір жастар, әсіресе жасөспірімдер мен мектеп оқушылары арасында электронды темекі сәнге айналған. Халықаралық тілде бұл – “вейп” деп аталады.  Ол ағылшынның “vapе” - “буды жұту және шығару” сөзінен шыққан.

Иә, рас вейп бір қарағанда әдемі, сәнді, оның үстіне темекі сияқты үстіңнен жағымсыз иіс шығармайды. Адамдар, әсіресе қыздар вейп тартатындарға “темікішілерге” қарағандай мұрнын басып, тыжырынып қарамайды. Вейпингтің жасөспірімдер мен мектеп жасындағы балаларды өзіне еліктіріп кеткендігі осындай қасиеттері болса керек. Ал никотиннің дәмін татып қалғандар вейпті осы темікіден құтылу үшін тарта бастайды.

Вейпті жарнамалаушылар оның құрамындағы хош иістер адам ағзасына мүлде зиянсыз деген дақпырт таратты. Бірақ жақында Нью-Йорк университетінің медицина мектебінің ғалымдары электронды темекіден шыққан түтін тышқандарда өкпенің қатерлі ісігін тудыратынын анықтады.

Аталған зерттеу электронды темекі мен рак ауруынан болатын никотиннің нақты байланысын бірінші болып анықтады. Бұл туралы америкалық ғылыми еңбектер академиясының Proceedings of National Science Academy жариялаған зерттеуінде егжей-тегжейлі айтылған. Ғалымдар аз ғана вейп тышқандардың ДНҚ-сын зақымдауы және оларда өкпе рагы сонымен бірге қуық қатерлі ісігін тудыруы мүмкін екенін анықтады.

Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, 54 апта ішінде никотині бар электронды темекіден уланған 40 тышқанның 22,5 пайызында өкпе обыры, ал 57,5 пайызында қуық қатерлі ісігі дамыған.

“Егер сіз электронды темекі шегетін болсаңыз, ағзаңызда пайда болатын әртүрлі аурулармен күресуге дайындала беріңіз. Тіпті біраз уақыттан соң қатерлі ісік ауруына шалдығасыз”, - дейді жобаның жетекші зерттеушісі Мун-Шонг Тан.

Вейп құрамындағы зиянды қоспалар: 

• пропиленгликоль;
• глицерин; 
• аллергия шақыруы мүмкін хош иістендіргіштер;
• никотин.

Еске салсақ, Қазақстанда электронды темекілерді әдеттегі темекіге теңестіруді жоспарлап отыр. Вайпингтің адам денсаулығына тигізетін әсері туралы зерттеулер басталды. Америкада вейпинг құрбандарының саны 15 адамға дейін жетті. 

1
Рейтинг: +0

Фото: el.kz
Қосылған күні: 08 қазан, 18:34

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.