- Негізгі бет
- Денсаулық
- Ағзаны дұрыс тамақтану...
Ағзаны дұрыс тамақтану арқылы тазарту
Ағзаны уақытылы тазартудың денсаулыққа пайдасы көп. Ол кей аурулардың даму қаупін азайтуға және өзіңізді жақсырақ әрі жеңіл сезінуге көмектеседі. Ағзаны дұрыс тамақтану арқылы табиғи жолмен тазартқан жөн.
Ішектерді тазарту
Дұрыс тамақтануға уақыт бөлмейтін адамдардың ішектер қыртысында қорытылмаған тағамдардың қалдықтары қалып қояды. Олар уақыт өте қатайып, жинала береді: олардың салмағы бірнеше килограмға дейін жетуі мүмкін. Оның барын мына белгілер арқылы анықтауға болады:
- Іштің кебуі;
- Іш өту;
- Іш қату;
- Қыжыл;
- Тері проблемасы;
- Жалпы шаршау.
Ішектерді тазартуды бастар алдында тамақтану әдетіңізді, соның ішінде оның жиілігін ретке келтіру керек. Ең дұрысы – аз-аздан, бірақ күніне 5 рет тамақ ішу. Сонымен қатар, тәулігіне 2-2,5 л су ішу маңызды.
Ішектерді тазартудың бір әдісіне құрамында жасұнық мөлшері көп өнімдерді жеу жатады. Оларды күніне 40-60 г жеу ұсынылады. Ол грек жаңғағы, қарақұмық жармасы, арпа, қара нан, зығыр және қоңыр күріште болады.
Ұсынылатын тағамдар: жұмыртқаның ағы, сүзбе, айран, табиғи йогурт, майсыз ет, көксерке, көкөністер, жемістер, қою емес шай, салаттар, шырындар.
Ал майлы сүт, көп мөлшерлі жұмыртқаның сарысы, кілегей майы, майлы тамақ, тәттілер, торт, алкоголь, қуырылған картоп (фри, қуырылған тамақ, какао және паштеттен аулақ болған жөн.
Бүйректі тазарту
Әр адамның бүйрегі жылына ең аз дегенде бір рет болсын тазартуды қажет етеді. Ол несеп шығару жүйесіндегі ең маңызды элемент. Бүйрек зат алмасу процестеріне, несеп пен қанды сүзгілеуге жауап береді. Оның басқа да маңызды қызметтері бар: қан қысымына жауапты гормондарды өңдеу және ағзадағы натрий мен иондардың жеткілікті мөлшерімен қамтамасыз ету.
Бүйректі тазарту керегін білдіретін белгілер:
- Судың тұрып қалуы;
- Беттің қызаруы;
- Тамырлардың түйнеліп кеңеюі;
- Жоғары қан қысымы.
Бүйректі дұрыс шырын қоспасын дайындау арқылы тазартуға болады. Алдымен сәбіз, балдыркөк және ақжелкен тамырын шырынсыққышпен сығады. Содан соң алдын ала дайындалған шырындарды дұрыс үлесте араластырады: 90 мл сәбіз шырыны, 50 мл балдыркөк шырыны және 20 мл ақжелкен тамырының шырыны. Оны екі апта бойы күніне 3-4 реттен ішу керек.
Бүйрек денсаулығын ұстап тұрудың негізгі принциптеріне мыналар жатады:
- Артық салмақтың болмауы;
- Тұз мөлшерін шектеу;
- Физикалық белсенділік;
- Алкоголь, темекі және қуырылған тамақтан бас тарту;
- Дайын консервіленген тағамдардан аулақ болу;
Лимфа жүйесін тазарту
Егер ол ластанса, буындар проблемасы мен аяқ-қолдың ісінуі пайда болады. Кей жағдайда лимфа жүйесі ластанған болса, иммунды жүйе әлсірейді.
Лимфа жүйесінде лимфа деп аталатын сұйықтық бар. Ол дененің барлық жасушаларын қоршап алады: негізінде ол бактериядан қорғауға жауап береді және маңызды қоректік қасиеттерді қамтамасыз етеді. Оның ластануына ауа мен су жағдайы және химиялық заттар себепші болады. Бұл жерде де өмір сүру салты маңызды рөл атқарады.
Лифма жүйесін тазарту үшін алдымен өңделген тағамдарды көкөністермен және жемістермен ауыстыру керек. Қант мөлшерін азайту қажет. Қиын қорытылатын майлы ет пен қаныққан майлар мөлшерін азайтыңыз. Сонымен қатар, ақ ұнды аз қолдану ұсынылады. Күніне 2-2,5 л су ішу керек.
Лимфа жүйесін тазартудың тағы бір әдісі – физикалық жаттығу жасау: дене терлеу керек.
Бауырды тазарту
Бауыр – өзі қалпына келе алатын мүше. Бірақ оған көмектесуіңіз керек. Бауыр дәрі, алкоголь және темекінің кесірінен түрлі жағымсыз жағдайларға тап болады. Бауыр проблемасын көрсететін алғашқы белгілер:
- Іштің ауыруы;
- Жүрек айну;
- Іштің кебуі;
- Тамақ ішкен соң өзіңізді ауыр сезіну;
- Салмақ жоғалту.
Бауырды тазарту үшін мына ұсыныстарды орындау керек:
- Ақуыз мөлшерін азайту (ол күніне 60 г-нан аспауы керек);
- Күніне аз-аздан, бірақ 5-6 рет тамақ ішу;
- Тамақты буға пісіру;
- Салатты көбірек жеу;
- Қуырылған тамақ жемеу;
- Тамақты қыздырмай, оның жаңа піскенін жеуге тырысу.