Балаға күн сайын сүт берудің 5 себебі

Сүт – бала ағзасына қажетті таптырмас сусын. Сүт және барлық сүт өнімдері кальций мен ақуызға бай. Ал бұл екі тағамдық зат баланың өсуі мен жетілуіне қажетті нәрселердің қайнар көзі.

Сүт – жүйке жүйесі мен миды дамытуда маңызы зор сусын
Кез келген педиатрдан сұрасаңыз, бала қанша жаста екеніне қарамастан, жүйке жүйесі мен миының толық дамуы үшін сүт ішуі керек екенін растайды. Ал майсыздандырылған не сұйылтылмаған сүттің қайсысын беру туралы сұраққа педиатрлар баланың денсаулығына байланысты әрқалай жауап береді. Оның салмағын, бойын, жасын есепке ала отырып, шешім қабылдайды. Ал негізінде балаға майы алынбаған табиғи сүт пайдалырақ келеді.

Бала сүйегінің мықты боп жетілуіне сүт көмектеседі
Егер әңгіме сүйектің дамуы туралы болғанда мұндай үш фактор маңызды рөлге ие: физикалық белсенділік, генетика және кальций. Міне, осы сүт кальцийге бай екенін барлығы біледі. Сүтті тағамдық рационыңызға қосып, үнемі ішіп отырсаңыз, құлап, бір жеріңізді зақымдасаңыз да, сүйектеріңіз аман қалады. Сонымен қатар сүт құрамында кальцийді сіңіретін D дәрумені де мол, ол да сүйек сынғыштығының алдын алады.

Бала тісі сау болуына да сүт себепкер
Сүтті күнделікті ішіп отыру баланың тісі сау әрі қатты боп жетілуіне сеп болады. Сүт өнімдеріне тағамдық құндылықтар мол болғандықтан тіс эмалін қышқылдықтан сақтайды, сонымен қатар қызыл иектің босаңсып, тістердің құртылуынан қорғайды. Тағы бір ескере кетерлігі, аналардың көпшілігі баласы сүт ішсе, сол күні тәтті сусын сұрамайтынын айтады. Ал қанты аз нәрсе ішіп-жеуден тіс анағұрлым сау қалпында сақталатынын жақсы білесіз.

Сүт бала ағзасын құрғақтанудан қорғайды
Ересектер секілді балалардың да денесі құрғап кетуден сақтанған жөн. Оның үстіне балалар көбірек қимыл-қозғалыста болады. Сол себепті ағзадағы су деңгейін бірқалыпты ұстау күрделірек. Бұл жерде де бізге көмекке сүт келеді. Оның құрамында су молекулалары көп болғандықтан, баланы құрғақтықтан сақтайды. Алайда оның да мөлшерін білген жөн. Сүтті шектен тыс көп ішкен бала дәруменге толы басқа тамақтардан бас тартуы мүмкін.

Сүт баланың қуатын арттырады
Бала шаршамайтындай көрінгенімен, олардың да ағзасы қуат алып тұруды қажет етеді. Сүт құрамында фосфор, ақуыз, А және В тобының дәрумендері мол, ол баланың жетілуіне жақсы көмектеседі. Сүт дәрумендердің ағзаға сіңімділігін арттырып, иммундық жүйені күшейтіп, қуаттандырады. Егер балаңыз сүт ішуден бас тартса, ыстық какаомен шоколадты сүт жасап беріңіз, енді қалай бас тартар екен?!