Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Жөтелді пиязбен емдеудің 3 әдісі

Жөтелді пиязбен емдеудің 3 әдісі

Жөтелді пиязбен емдеудің 3 әдісі

Пияз – керемет антисептик. Кей адамдар тұмаумен ауырғанда бактерияның көбеюін тоқтату үшін бөлмелерге пияз бен сарымсақты кесіп қояды. Себебі пияздың құрамында бактериялармен күресетін биологиялық белсенді заттар бар. Тұмаудан және жөтелден тез жазылуға көмектесетін пияздан жасалатын құралдардың рецептілерін ұсынамыз.

1-рецепт. Бір пиязды ұсақтап турап, кішкентай құтыға салыңыз. Оның үстіне 2 ас қасық қант салыңыз. Құтының қақпағын жауып, қараңғы жерге 2 сағатқа қойыңыз. Сол кезде пияздың суы шығады. Оған қант қосқандықтан пияздың ащы дәмін сәл басады. Дайын шәрбатты жөтел кезінде ересектер күніне ас қасықпен 3 рет, ал балалар шай қасықпен 3 рет ішу керек. Бұл шәрбатты ұзақ сақтауға болмайды. Сондықтан 1 шағын пияздан дайындап, ол таусылғаннан кейін ғана келелсі шәрбатты жасаңыз.

2-рецепт. Жөтел кезінде ата-аналар балаларға жылы сүтке сары май салып береді. Бірақ егер жөтел ұлғайып кеткен болса, сүтке пияз қайнатып берген жөн. Ол үшін 1 кесе сүтке жарты пиязды салып, 3-4 минут қайнату керек. Содан соң сүтін сүзіп алып, ішу керек. Оны ересектерге де, балаларға да беруге болады. Мұндай сүтті күніне 2-3 рет ішкен дұрыс.

3-рецепт. Жөтелге және тұмауға қарсы тағы бір құрал – пияз суы мен бал қоспасы. Оны дайындау үшін бір пиязды ұсақтап турап, дәкеге салып, суын шығарып аласыз. 1 пияздан шамамен жарты кесе немесе одан сәл аздау шырын шығады. Соған 1 ас қасық табиғи бал салып араластырасыз. Осы қоспаны 1 шай қасықтан күніне 3 рет жеу керек.

Пиязды қай уақытта қолдануға болмайды?

Баланың пиязға жоғары сезімталдығы болмаған жағдайда ғана одан жасалған емдік құралдарды беруге болады. Аллергия болу қаупі жоғары болғандықтан пияз бен бал қоспасын 3-жастан төмен балаларға беру ұсынылмайды. Мұндай дәріні балаға бірінші рет бергенде аз-аздан ұсыну керек. Мысалы, бастапқыда тек қасықтың ұшымен ғана беріңіз. Бала асқазаны тітіркенбес үшін бұл дәрілерден соң міндетті түрде су ішкізіңіз. Ал ересектерде пиязға немесе балға аллергия болса және асқазан-ішек жолы аурулары болса, пияздан жасалған дәрілерді ішу ұсынылмайды.

Пияздан жасалатын емдік құралдар тұмауды және жөтелді жылдам кетіруге көмектеседі. Алайда, оны ішу мөлшерін дұрыс сақтау керек. Сонымен қатар, оны балаға берерде дәрігермен ақылдасып алған жөн.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: cinemapichollu.com
Қосылған күні: 12 қыркүйек, 12:07

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.