Жүктілік кезеңінде неге ашулануға болмайды?

Стресс кезінде жағымсыз сезімдерді бастан өткізіп, ағзамыз біраз қиналатынын бәріміз білеміз. Ал егер бұл жүктілік кезеңде орын алса, онда баланың да денсаулығына әсері тиеді. Болашақ аналар барынша стреске берілмеуі керек екенін білсе де, оның себеп-салдары неге апарарын нақты білмеуі мүмкін.

Аяғы ауыр әйел күйгелектік, ашушаңдық сияқты жағымсыз эмоцияға берілсе, гормональді жағдайы да оған жауап береді. Бала құрсақта жатқан кезде көктамыр торы болмайды да, жағымсыздық туғызатын гормондар шарана сұйықтығына құйылады, бала оны жұтады да, анасының көңіл күйін өзіне қабылдайды. Анасы жүкті кезеңде тым көп стресс алған бала шала тууы не жүрек-қантамырлары бұзылуы мүмкін.

Болашақ ана аяғы ауыр кезде үнемі жүйкесі жұқарып, ашушаңдық күйде жүрсе, үнемі депрессияда болса, туған баласы демікпе ауруына шалдығуы ықтимал. Бұл әсіресе бала жасқа толғанша қатты қинайды.

Егер жүкті кезде анасы ұйқысыздықтан жапа шексе, баласы бір жасқа толғанша мазасыз, қыңыр, ұйқысыз болып өседі.

Тіпті жүйкесі тым жұқарған аналар құрсағындағы сәбиінен айырылып қалуы да ғажап емес. Жүктіліктің үш-төрт айында осындай жағдай жиі орын алады.

Анасы тынымсыз, үнемі қозғалыста жүретін бала гиперактивті боп, жүйке жүйесінде мәселе туындауы ықтимал.

Жүктіліктің екінші триместріне жеткен кезде бала анасының көңіл күйін толық сезінеді. Осы кезеңде ана стресс алса, баланың қан тамырлары тартылып қалады. Осыдан гипоксия ауруы туады, яғни бала өте кеш жетіледі.

Енді сіз жүктілік кездегі көңіл күйдің әсерін толықтай білесіз. Бұдан былай өзіңізді барынша сабырға шақырып, ештеңеге көңіліңізді бұзбауға тырысыңыз. Ешкімді өзіңізге міндетті санамаңыз, барлығын жүрекке жақын қабылдамаңыз, ешкімнен көмек күтпеңіз, жағымды әуен тыңдап, таза ауада көбірек серуендеңіз. Өз жүйке жүйеңізді ғана емес, балаңызды да денсаулығын сақтаңыз.

Ал болашақ әкелер жүкті ананы барынша махаббатына бөлеп, айналасына жағымды атмосфера орнатып, оған тосынсыйлар жасап қуантып тұру ұсынылады.