Аспириннің 5 пайдасы

Аспириннің 5 пайдасы
Фото: freepik.com

Ацетилсалицил қышқылы халық арасында "аспирин" атауымен танымал. Бас ауырса немесе тұмаудың бастапқы кезеңінде аспиринді қабылдап, аурудың алдын аламыз. Дәрігер рецептінсіз сатылатын медикаменттердің бірі. Одан бөлек, оның біз біле бермейтін бірнеше пайдасы бар.

1. Безеулермен күрес:
Аспириннің негізгі құрамы салицил қышқылы терідегі ұсақ тесіктерді тазартып, қабынуды басады. Аспириннің бір таблеткасын 3 ас қасық суға ерітіп, безеуге жағып қойыңыз. Бірнеше уақыттан соң қабыну басылады. Одан бөлек, маса шағып, кейін асқынған жағдайда аспирин қызаруды басуға көмектеседі. Оның үстіне ісікті кетіреді. 

2. Қатерлі ісікке қарсы:
Қатерлі ісік жасушалары барлық адамда бар. Ол кез келген ағзаның жасушасында кездесуі мүмкін. Қанда олар тромбтарға жабысып алып, сол аймақта өседі. Дегенмен, ацетилсалицил қышқылы тромбоциттерге бір-біріне жабысып қалуына мүмкіндік бермейді. Осылайша қатерлі ісіктің алдын алады. Оксфорд университетінің зерттеушілері аспиринді аз мөлшерде (75 мг) бес жыл бойына күнделікті қабылдау рак ауруының туындауын 20%-ға азайтатанын дәлелденген.

3. Сүйелді кетіреді:
Сүйелді кетіру үшін аспириннің үш таблеткасын ұнтақтап, оны бір ас қасық лимон шырыны мен 2 ас қасық сумен араластырасыз. Пайда болған пастаны сүйелге жағып, жабыстырғышпен (пластырьмен) бекітіп, бір күн ұстау керек. Осылайша сүйелден арылуға болады.

4. Қайызғақтан біржола құтылуға көмектеседі:
Ацетилсалицил қышқылы тек безеуден арылуға септігін тигізіп қана қоймай, қайызғақтан біржола құтылуға көмектеседі. Сол себепті көптеген сусабынның құрамына кіреді. Аспириннің екі таблеткасын сізге қажетті сусабын мөлшерімен араластырып, дайын болған масканы шашқа жағып, 30 секун­д ұстаңыз. Кейін жуып тастаңыз. Аптасына екі-үш рет қайталаңыз.  

5. Уайымнан арылтады:
Psychotherapy and Psychosomatics ғылымы журналы аспиринді күнделікті қолдану күйзелістің алдын алады деп жазған болатын."An Aspirin a Day" кітабының авторы Кит Сотердің тұжырымына сәйкес, оның себебі адам ағзасында жүретін қабыну үрдісімен байланысты. Даниялық зерттеушілер күйзеліс ағзаның қабынуынан туындайтынын дәлелдеген еді.

Т. Есқали