Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Құрма жеген адамның ағзасында қандай өзгерістер болады?

Құрма жеген адамның ағзасында қандай өзгерістер болады?

Құрма жеген адамның ағзасында қандай өзгерістер болады?

Құрма – адамзат баласының барлығына танымал, ең көне жеміс болып табылады.  Өзінің нәзік, тәтті әрі құнарлы сипатымен қазіргі таңда да көптеген әлем елдеріндегі маңызы зор жеміс болып отыр. Ғалымдар бұл жемістің барлық жаңа қырын және таңқалдырарлық ерекшелігін әрі таңдаулы ас екендігін ғана емес, небір түрлі ауру-сырқаудың таптырмас емшісі екендігін анықтап отыр.

Бұл мәуені апта бойы үзбей жеп отырсаңыз ағзаңызда өзгерістер болып жатқанына өзіңізде көз жеткізесіз. 

Соңғы жылдарда жүргізілген зерттеулер нәтижесінде құрманың көптеген қасиеттері ашылған. Түркиядағы әйгілі Сема емханасының Тағамтану және диета бөлімінің маманы Хайреддин Мутлуның айтуынша, құрма лиф, минерал, фенол тұрғысынан әрі натрий, калий, магний, калций, темір, фосфат секілді минералдарға өте бай. 

Атап айтқанда, ол құрманың қасиеттерін былай жүйелеп көрсеткен:

• Протеин, май, көмір суын (углевод) – үшеуін қатар қамтитын бірден бір жеміс.
• Жас құрма теріге оң ықпал етеді, жүктілік пен күнге күюден түскен дақтарды кетіреді;
• Құрамындағы темір қан аздыққа пайдалы;
• B1, B2 дәрумендерінің қатар кездесуі бауырды сауықтырады;
• Тамақ ауруына, жөтелге пайдалы;
• Қатерлі ісіктен (рак) сақтайды, жүрек қан тамырларына таптырмайтын ем;
• Құрамында фосфор мен калцийдің молдығы сүйек ауруларынан қорғайды;
• Жүйке жүйесінің шаршауын басады;
• Мидың жұмыс істеу қабілетін күшейтеді;
• Ас қорытуға пайдалы;
• Тойымдылық қасиеті өте жоғары.
• Балғын құрманың бойында 60-65 пайыз (кепкен құрмада 75-80%) қант болғанына қарамастан, адамды семіртпейді.
• Жеңіл босануға септігін тигізеді. 

©alayam.com

1. Сүйекті қатайтады 
Солтүстік Дакота университетінің докторы, профессор Джулия Гарден-Робинсонның айтуынша, құрма адам сүйегін қатайтады. Себебі оның құрамында фосфор, калий, магний және басқа да пайдалы дәрумендер өте көп. Олар сүйек құрамын жақсартып остеопороз, артроз, артирт және басқа да сүйек ауруларының алдын алады.

2. Ас қорутуды жақсартады 
Құрма асқорыту үдерісін қалыпты жағдайда ұстайды. Ол іш қатудың алдын алып, ішектерді тазалайды. British Journal of Nutrition журналының жазуынша, құрма жейтіндердің ас қорыту жүйесі оны жемейтіндерге қарағанда жақсы жұмыс істейтіні арнайы зерттеулер кезінде дәлелденген. 

3. Зорығу мен күйзелістің алдын алады 
Құрма құрамында В6 дәрумені бар. Ол ағзаға сератонин мен норадреналин бөліп шығаруда көмектеседі. Олар ми жұмысын күшейтеді. Серотанин көңіл-күйіміздің көтереңкі болуын қамтамасыз етсе, норадреалин зорығуға қарсы күреседі. 

В6 дәрумені ағзаға жеткіліксіз болған жағдайда адам күйзеліске түсіп өзін әлсіз сезіне бастайды. В6 дәруменін неғұрлым көп тұтынсақ физикалық және рухани тұрғыдан соғырлым күшті бола түсеміз. 

4. Жүрек ауруының алдын алады 
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей құрма ағзадағы триглицерид деңгейін азайтып, тотығу процестерін баяулатады. Ол өз кезегінде жүрек қан-тамыр аурулары, негізінен атеросклероз дамуының алдын алады. 

5.Тоқ ішек рагы қатерін азайтады 
Құрма ас қорытуды жақсартып, ішекті зиянды бактериялардан қорғайды. Олардың тоқ ішекке таралуын тоқтатады. Тағамтану ғылымының зерттеуі, құрманы үздіксіз жейтіндердің тоқ ішегінде қатерлі рактың алдын алатын пайдалы бактериялар көбейгенін көрсеткен. 

6. Маусымдық аллергияны емдейді 
Көктем келсе кейбір адамдарда гүлдер мен көктің өсуіне байланысты маусымдық аллергия басталады. Мысалы, әр жылы АҚШ-тың өзінде 30 млн адам маусымдық аллергиядан зардап шегеді екен. Оны әр түрлі дәрілермен емдеп жатады. Ал құрма пальмалары аллергиядан зардап шегетіндер үшін таптырмас ем саналады. 

8. Арықтауға өз үлесін қосады 
Құрма арықтауға да көмектеседі. Біріншіден, оның құрамында ұзақ уақыт тоқтық сезімін тудыратын дәрумендер бар. Аштықты бөліп шығаратын қандағы глюкоза мөлшерін азайтып отырады. 
Екіншіден, құрма құрамында антоциан, фенол және каротиноид сынды көптеген антиоксиданттер бар. Олар ағзаны улы заттардан қорғайды. Зат алмасуды жақсартады. 

©pinterest.com
9. Күніне 3 құрма жеудің пайдасы 
Құрма құрамында калий мөлшері өте көп. Ол жүректің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде жүрек аурулары мен талмасының алдын алады. Құрмалар бауырды токсиндерден тазалауға көмектеседі. Сондай-ақ цирроздың пайда болу қатерін төмендетеді. Бауыр фиброзы симптомдарын жеңілдетеді.

Құрмалар көз жанарының көру қабілетін жақсартуға қабілетті (тіпті сәбізден де пайдалы). Себебі құрамында А дәруменінің мөлшері көп. Егер өзіңізді сергек әрі қуатты сезінгіңіз келсе құрма жеп тұрыңыз. Бар болғаны 3 құрма жесеңіз бір күнге жетерлік энергия аласыз.

Құрма — бұл асқазан функциясы бұзылған кезде ас қорытуға таптырмас өнім. Оны асқазан-ішек жолының аурулары, тіпті асқазан обасының (рак) профилактикасы үшін пайдалану қажет. Араб әйелдері көп ғасырлар бойы афродизиак ретінде құрманы қолданады. Жемісін ұнтақтап, ерлердің кофесіне қосады. Бұл өнімнің құрамында құмарлықты, жыныстық қабілетті арттыратын түрлі амин қышқылдары бар. Шаш сынғыш болса, тері құрғаса, әжім ерте пайда болса құрма жеу қажет. Оны косметикалық маскалар құрамына қосуға болады.

0
Рейтинг: +0

Фото: halyaleda.ru
Қосылған күні: 29 мамыр, 13:17

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.