Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Күніне қанша шыны кофе ішуге болады?

Күніне қанша шыны кофе ішуге болады?

Күніне қанша шыны кофе ішуге болады?

Кофе - әлемдегі ең танымал сергітетін сусындардың бірі. Ал оны шамадан көп ішу - денсаулыққа зиян. Мұны дәрігерлер мен диетолог мамандар ескертіп-ақ келеді.

Кофені көп ішкеннен адамда қан қысымы жоғарылауы мүмкін. Сондай-ақ жүрек ауруларының өршуіне себепкер болады.

Күніне қанша шыны кофе ішуге болады? Бұл көпті мазалайтын сұрақтың бірі де. Жуырда Оңтүстік Аустралия университетінің ғалымдары осыған қатысты арнайы зерттеу нәтижелерін жариялады. Олар күніне 6 шыныдан артық кофе ішпеу керек екенін ескертеді. Одан асқан жағдайда ағзаға күш түсіреді.

Кофені күнде шамадан көп ішу - жүрек дертін 22 %-ға арттырады, - деп жазады Science News.

Зерттеушілер 37 мен 73 жас аралығындағы 347 077 адамның денсаулығын бақылаған. Кофе құрамындағы кофеин денсаулыққа қалай әсер ететініне мән берген.

CYP1A2 гені белсенді адамдар болады. Олар үшін кофені көп ішу қауіпті болмауы мүмкін. Бірақ жаңа зерттеу олар үшін де зиян екенін анықтап берген.

- Алты шыныдан көп ішуге болмайды. Одан артығы артық. Себебі кофеин ағзаға кері әсер ете бастайды. Жүрек-қантамырлары ауруларының өршуін жоғарылатады, - дейді профессор Элина Гиппонен.

Зерттеушілер күніне алты шыныдан да аз кофе ішуге кеңес береді. Себебі әр адамның гені мен ағзасы әрқилы болады.

Қызықты дерек ретінде айта кететін болсақ, күніне әлемде 3 миллиард  шыны кофе ішіледі екен. Ал кофе пайдасы мен зияны жайлы зерттеулер шаш-етектен. Біздің жазғанымыз соның бір парасы ғана.

Дайындаған: Нұржамал Үсенова
Фото: pixabay.com
Қосылған күні: 14 мамыр, 12:31

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.