Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Стоматитті қалай емдеуге болады?

Стоматитті қалай емдеуге болады?

Стоматитті қалай емдеуге болады?

Стоматит – кең таралған әрі өте маңызды проблема. Оған қарсы ем болатын әдіс-тәсілдің түр-түрі интернетте өріп жүр. Стоматит деген не және оны өздігіңнен емдеуге бола ма?

Стоматит және оның белгілері

Стоматит – ауыздың шырышты-кілегей қабығының қабынуы. Алдымен ауыз қуысы, тіл, таңдай, еріндердің үстіне аппақ жаралар шыға бастайды. Кейін аузы ашылып, ауа, су, тағам тиген сайын аши түседі. Стоматит кезінде шайнау, жұтыну, сөйлеу қиындай түседі.

Стоматитке мына жағдайлар себеп болуы мүмкін:

Жарақат. Егер тіл, езу, ерінді тістеп алса, күйдіріп, қатты тамақ тырнап өтсе кішкентай ақ дақтар пайда бола бастайды.

Ауыз қуысының нашар гигиенасы. Ақ дақтар ауыз қуысы дұрыс тазаланбаған жағдайда да пайда болады. 

Түрлі дәрі-дәрмек те (көбіне антибиотиктер мен химиотерапиялар) стоматитке себеп болуы мүмкін. Белгілері: шырышты қабықтың ісуі, ақ дақ, ойықтар.

Стоматолог Айман Қалиева стоматитке бей-жай қарауға болмайтынын ескертеді:

"Стоматит кезінде өздігіңнен емделе беруге болмайды. Алдымен оның себебін, асқыну деңгейін анықтап алу қажет. Кейде күрделі стоматиттерге арнайы құрылғыларжа механикалық тазалау жасалады. Ал инфекция қаупі төнсе, терапевт қабылдауына бару керек. Мұндайда анализ бен дәрі-дәрмек керек, әйтпеген жағдайда инфекциямен күресу қиынға түседі", - дейді стоматолог. 

Дәрігерге барғанша ауыруға шыдай берген де болмайды. Айман Қалиева алғашқы ем-дом жасауға екі тәсіл ұсынады: 

1. Ауыз қуысын түймедақ, емен қабығы, қырмызыгүл тұнбасымен шаю керек. 

2. Ісінген шырышты қабыққа "Камистад" немесе "Метрогил-Дента" гельдерін жағу қажет. Олардың қабынуға қарсы әсері бар. Дәрі-дәрмекті мұқият пайдаланған жөн: оны балаларға қолдануға болмайды және қаптамада көрсетілген мөлшерін ғана пайдалану керек.

Стоматит кезінде ащы, қышқыл, ыстық тамақ пен судан, тітркендіргіштерден аулақ болу керек. Ауыруды салқын сусындар мен балмұздақ жеңілдетеді.

Балалар стоматиті. Диагностикасы мен емі

Балалардың шырышты қабығы өте жұқа әрі нәзік болады, оны жарақаттап алу өте оңай. Балалар әр нәрсені ауызына салуға құмар. Сәбилердің тісі қышығандықтан ауызына сыйған затпен "қасығысы" келеді, ал сәл үлкенірек балалар қалам-қарындаштарға құмар. Сондықтан балалар арасында стоматит жиі кездеседі.

"Балалардың стоматиті де ересектердікіндей. Бала тамақ, су ішкенде ауызының ауыратынын айтып шағымдана бастайды. Алғашқы шағым кезінде ауыз қуысын мұқият қарап шығу керек: стоматит кезінде шырышты қабық қызарып, ақ дақтар немесе қошқыл нүктелер пайда бола бастайды. Кейде баланың қызуы көтеріліп, бөртпе пайда болуы мүмкін. Кішкентай сәбилер емгенде де ауырсынады, сондықтан емізіп тыныштандырудың орнына ауыз қуысын қарап шығу қажет", - дейді стоматолог Қалиева. 

Балалардың стоматитін өздігінен емдеуге болмайтын көрінеді. Бірден дәрігерге қарату керек. Себебі балаларда ағза қарсы тұра алмайтын инфекциялардың пайда болу ықтиалдығы жоғары.

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Әлібек Оразбай
Фото: freepik.com
Қосылған күні: 26 сәуір, 14:29

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.