Өзгемен бөлісуге болмайтын жеке заттар

Өзгемен бөлісуге болмайтын жеке заттар
Фото: zapateriaamalloa.es

Танысыңыздың ұялы телефонынан пайдалансаңыз ішек инфекциясымен ауыратыныңызды білесіз бе?

Көпшілік адамдар өзгенің заттарын ортақ зат ретінде пайдаланғанда, біреуге телефонын бергенде, фильм көріп отырып бір ыдыстағы попкорн сынды азықты жегеннің соңы қандай нәтижелерге алып келетінін білмейді.

©hyser.com.ua

Косметикалық заттар

Тушь, опа-далап және крем – бұлардың бәрі әйелдердің жеке заттары болуы керек. Егер, косметикалық заттарыңызды құрбыңыз пайдаланса, теріңіздегі бактерия мен вирустар сіз пайдаланатын заттармен құрбыңызға өтеді. Крем мен далап ыдысындағы ылғалдылық бактериялардың ұзақ жасауына мүмкіндік береді. Ал сіздің опа-далабыңызды пайдаланушының иммундық жүйесі сіздікіндей күшті болмауы мүмкін.

Тушь, опа-далап және басқа да косметикалық заттар – тұмау, көздің дәнекер қабығының қабынуына алып келетін бактериялар т.б вирустарды тасымалдайды.

©technodoctor.kiev.ua

Құлаққаптар

Вакуумды құлаққаптарды пайдаланатын болсаңыз оны өзге адамдарға бере көрмеңіз. Себебі аксессуарда уақыт өте келе алтынкүкірт жиналады да, ол жерде стафилококк сынды микробтар жасырынып жатады. Сіз музыка мен аудиокітаптарды қанша көп тыңдасаңыз олардың көбеюіне сонша мүмкіндік жаратасыз. Құлаққаптарды жиі-жиі спирт немесе антибактериал сулықпен сүртіп тұрыңыз. Бұл әдіс микробтарды 100 пайыз құртып жібермесе де олардың көбеюін азайтады.

©112.ua

Азық-түлік өнімдері

Бірнеше адам бірігіп кинотеатрларда үлкен ыдыстан попкорн жеуді әдетке айналдырған. Бір ыдыстағы попкорнды жеу қол арқылы мыңдаған микробтардың өзгелерге жұғуына алып келеді. Оған кинотеатр орындығындағы, есік тұтқасындағы, сіз пайдаланған басқа заттардағы микробтарды қосыңыз.

Мысалы, асханада досыңыздың тамағынан жеп көрсеңіз өзіңізді қатерге қоясыз. Клемсон университеті профессоры Пол Доусон мен Солтүстік Каролина университеті зерттеушісі Брайан Шелдон тамаққа қасықпен бірге 10 мыңға жуық микроб түсетінін есептеп шыққан. Бұлар тұмау вирустары немесе ішек таяқшалары, сондай-ақ фарингит тудыратын стрептококктар болуы мүмкін. Егер тамақ тым ыстық болса қауіп те төмен болады. Микробтардың көпшілігі 50 градустан жоғары температурада жойылып кетеді.

©vtruda.ru

Сусындар

Жаз маусымында көпшілігіміз бір бөтелкедегі сусынды ортақ пайдаланып, іше береміз. Өкініштісі, азық-түліктегі сияқты мұнда да микробтар бір орында тұрмайды. Сумен бірге ағзаға стрептококк, менингококктар және герпес т.б вирустар адамға жұғуы мүмкін.

©thegolfclub.info

Тұрмыстық заттар

Еден немесе газ плитасын тазалап жатқан кезіңізде қолыңызға қолғап киесіз бе? Оны шешкеннен кейін қолыңызды жуасыз ба? Әлбетте, солай ету керектігін есіңізден шығармаңыз.

Біріншіден, қолғап киген кезде қол терлейді де оның ішінде микроптарлың көбеюіне қолайлы ылғалды да ыстық орта қалыптасады. Екіншіден, тазалау кезінде санузелдің сыртындағы 75 мыңға жуық микробтар: сальмонелла, шигелла, норовирус т.б қолыңызға жұғады. Қолғапты шешкеннен кейін қолыңызды жумасаңыз түрлі микробтарды өзіңізбен бірге тасымалдайсыз. Әжетхана мен асханаға жеке қолғап пен басқа да заттарды пайдаланған абзал екенін естен шығармаңыз.

Жеке гигиеналық заттар

Біріншіден, бұл тіс щеткасы. Өзгенің тіс щеткасын пайдалану арқылы өзіңізге трептококк немес норовирустарды жұқтырып аласыз. Тіс щеткасын мұқият тазалау да мұның алдын ала алмайды.

Екіншіден, тарақ. Егер тарақ жуылмаса, дезинфекцияланбаса ондағы микробтар бір бастан екіншісіне көшіп жүре береді. Нәтижесінде фолликулит, педикулёзбен ауруыңыз мүмкін.

Үшіншіден, ұстара. Өзгенің ұстара, қайшы сынды заттарын пайдалануға болмайды. Бұл тұрмыстық заттар арқылы гепатит вирусының жұғу қаупі жоғары.

©24.kz

Аяқ киім

Өзгелердің аяқкиімін пайдалану да қауіпті. Аяқкиім іші аяқ қозғалыста болғаннан кейін ылғалданады. Нәтижесінде микробтар жиналатын орынға айналады. Ішек инфекциясы сынды вирустар жуылмаған қолыңызбен жұғуы мүмкін.

Маникюр құралдары

Егер маникюр жасату үшін сұлулық салонына баратын болсаңыз, барлық құралдар залалсыздандырылғанына көз жеткізіңіз. Маникюр жасаушыдан микробтарға қарсы не қолданатынын сұраңыз. Инфрақызыл стерилизатор бұл жерде микробтарды жоюға көмектеспейді. Маникюрлік құралдарды тазалауға гласперлен керек.

©64parallel.ru

Телефон мен пернетақта

Жұмыс кезінде көпшілігіміз әріптесіміздің компьютерін, пернетақтасын пайдаланып жатамыз. Зерттеулер компьютер пернетақтасы мен телефондағы микробтар әжетханадағы микробтардан 10 есе көп болатынын дәлелдеген. Жеке пернетақтаңыз бен ұялы телефоныңызды жиі тазалап тұруды әдетке айналдырған жөн.

Спорт залына қатысты бұйымдар

Спортпен айналысқан кезінде адамдар терлейді. Ал тер микробтар жиналатын ең қолайлы орын. Сізден бұрын басқа адам пайдаланған заттарда мыңдаған микробтар жиналатынын естен шығармаңыз. Дұрысы аурулардың алдын алу үшін жеке заттарыңызды өзіңізбен бірге алып жүріңіз. Жаттығудан соң міндетті түрде жуыныңыз.

Т. Раушанұлы