Үйдегі шаң-тозаң семіздікке алып келуі мүмкін

Үйдегі шаң-тозаң семіздікке алып келуі мүмкін

АҚШ елінің ғалымдары үйдегі шаң-тозаңның денсаулыққа тағы бір зиянын анықтады. Олар семіздіктің бір себебі осында деп есептейді.

Дюк универитеті ғалымдарының арнайы зерттеуі MedicalNewsTodaу басылымында жарияланды. Олар үйдегі шаң-тозаң эндокрин жүйесінің бұзылуы арқылы семіздікке алып келуі мүмкін екенін дәлелдейтін дәйектер келтірген. 

Зерттеу барысында ғалымдар 194 үйден шаң-тозаңның үлгілерін жинаған. Зертханада молекулалық сараптама жүргізген.  Зерттеген шаң үлгілерінің құрамынан 100-ден аса химиялық зат табылған. Ғалымдардың айтуынша, осы жүздеген химикаттардың 70-і адам ағзасындағы эндокриндік жүйеге зиянды екен.

"Май тінінің өсуіне ықпал ететін химикаттар артық салмақ немесе семіздікке ұшыраған балалар үйлерінде алынған үлгілерде болған. Бұл химиялық заттарды тұрмыстық тазалау құралдары мен пластиктен табуға болады", - дейді жоба жетекшілері.

Тазалық - денсаулық кепілі. Үйді тазалап, шаң-тозаңды сүртіп тұруды жиі әдетке айналдырыңыз.   


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар