Жөтелге қарсы дәріні дәрігердің рұқсатынсыз ішпеген жөн

Жөтелге қарсы дәріні дәрігердің рұқсатынсыз ішпеген жөн
Фото: pixabay.com

Дәрігерлер науқастардан жиі кездестіретін маңызды мәселенің бірі – өздігінен емделу. Науқастар вирустың не бактерияның кесірінен әлсізденген ағзаны дұрыс таңдалмаған дәрі ішу арқылы одан әрі ушықтырып алады. Содан кейін ғана дәрігердің көмегіне жүгінеді.  

1. Кейде ағзаға жөтел де қажет

Жөтел – ағзаның қорғанышы, рефлекс. Тұмау кезінде ол тыныс алу жолдарын тазартады, сондықтан жөтелді жасанды түрде басуға болмайды. Мұндай кезде дәрісіз жолдарды қолдану керек: бөлмені желдету, көбірек жылы су немесе шай ішу, тамақты шаю. Сол кезде ағза вируспен күресіп, жөтел кете бастайды.

Тіпті, тұмаудың басқа барлық белгілері кетсе де, жеңіл жөтел 3 аптаға дейін қалуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай.

2. Жөтел түрін ауыстырып алуыңыз мүмкін

Жөтелдің құрғақ әрі ылғал болатынын білеміз. Бірақ бірін екіншісінен айыра алмай, шатасып кетуге болады. Ал дәрі жөтелдің түріне қарай таңдалады. Жөтелдің түрін дұрыс анықтай алмай, шатасып алған дәрі жөтелді емдемейді және ағзаға өз зиянын тигізеді.

3. Кей дәрілер тиімсіз

Қақырық шығаруға арналған және жөтелге қарсы дәрілердің бәрі бірдей жөтелді кетіруге көмектесе бермейді.

Жөтел кезінде дәрігерге бару керек пе?

Егер жөтел тұмау себебінен болса, дәрігерге барудың қажеті жоқ. Бірақ тұмауды емдеу керек. Тұмау себебінен болған жөтел кезінде мұрын бітелуі, бас ауыруы және температура көтерілуі мүмкін.

Кейде жөтел маңызды себептерден пайда болады. Егер жөтел мынадай белгілермен қатар болса, дәрігерге міндетті түрде қаралыңыз:

- жоғары температура, қатты бас ауыру, әлсіздік, бөртпе, кеуденің ауыруы;
- 3 аптадан көп жөтелу;
- жөтелдің уақыт өте ұяғаюы;
- тамақтың қатты ауырып, ісіп кетуі;
- қиын тыныс алу;
- қоңыр не жасыл қақырықтың шығуы;
- күтпеген жерден салмақ тастау;
- бұрыннан иммунды жүйені әлсірететін созылмалы аурудың болуы (диабет, ісік және т.б).

Тұмауды дәрісіз емдеу жолдары

А. Жапатова