- Негізгі бет
- Денсаулық
- Ағзаға темір жетіспеуінің...
Ағзаға темір жетіспеуінің 9 белгісі
Қаназдық – қан құрамында гемоглабин жетіспейтін жағдай. Бұл ақуыз жасушаға оттектің жетуіне жауап береді. Қаназдық жиі темір жетіспеушілігінен пайда болады. Бұл ауруды қандай белгілер арқылы уақытында анықтауға болатындығын айтамыз.
1. Шаршау
Егер жасушаларға оттек жетіспесе, олар оны үнемдей бастайды және бұрынғыға қарағанда аз белсенділік көрсетеді. Тез шаршау – қаназдықтың басты себебі. Мысалы, дүкенге бару немесе үй жинау секілді қарапайым нәрселерге де күш жетпейді.
2. Ентігу
Қанда оттек жетіспесе, ағза өкпе арқылы көбірек ауа алуға тырысады. Сондықтан, қаназдық кезінде адам аса ауыр емес жүктеменің өзіне ентіге бастайды.
3. Бозару, салқын қол мен аяқ
Гемоглабин қанға қызыл түс береді, сондықтан қаназдық кезінде тек тері емес, сонымен қатар тістің еті, қастың ішкі қабығы, тырнақ та бозара бастайды. Мысалы, қасыңызды жайлап жоғары көтеріп, ішкі қабықтың түсіне мән беріңіз. Егер ол әлсіз алқызыл немесе сарғыш болса, қаназдық болуы әбден мүмкін.
4. Бас айналу
Ми оттек жетіспеушілігіне өте сезімтал. Сондықтан қаназдық жиі бас айналуға әкеледі.
5. Жылдам жүрек соғысы
Ағзалар арқылы көбірек оттек айдау үшін төмен гемоглабин жүректі күшейтілген режимде жұмыс жасауға итермелейді. Сондықтан жүрек қатты әрі жиі соғып жатқандай сезім туады. Әдетте, мұндай жағдай адам бұрыннан қаназдықпен қиналғанда орын алады.
6. Құрғақ тері мен шаш
Ағза оттекті маңызды ағзаларға қайта бағыттауға мәжбүрлі, содан кейін ғана шаш пен теріге жібереді. Сондықтан тері өз серпімдігін жоғалтып, құрғақтана бастайды, ал шаш әлсіз бола түседі. Ерін қиықтарында жырықтар пайда болуы мүмкін.
Құрғақ теріге күтім жасаудағы қателіктер
7. Бұлшықеттер ауруы
Бұлшықеттерді оттекпен жақсылап қамтыса ғана олар белсенді жұмыс жасайды. Ал оттек жетіспесе, олар нашар созылып, ауырып, ұзақ қалпына келеді.
8. Аяқтағы ауырлық
Қаназдық мазасыз аяқ синдромына әкелуі мүмкін, яғни аяғыңызда жеңілдік пайда болу үшін әрдайым оны қозғағыңыз келе береді. Неліктен олай екенін әзірге ғалымдар дәлелдемеді. Алайда мазасыз аяқ синдромы бар 25% адам ағзасынан темір жетіспеушілігі табылған.
9. Ерекше талғамның пайда болуы
Темір жетіспеушілігі бар адамдарға жиі біртүрлі иістер ұнайды. Мысалы: лак немесе бояулар. Қаназдық кезінде адам бор жегісі келуі немесе қағаз шайнағысы келуі мүмкін.
А. Жапатова