Ұйқы алдында линзаларды шешпесе...

Ұйқы алдында линзаларды шешпесе...
Фото: hinews.mediasole.ru

Көзілдірік орнына жанаспалы линзаларды қолданатын адамдардың кішкентай құпиясы бар: офтальмолог (көз дәрігері) ұйықтар алдында линзаны шешуді ұсынса да, сол күйі ұйықтап қалатындар бары жасырын емес. Егер сіз де линзаны шешпестен көз ілу дағдыңызға айналдырып алған болсаңыз, мына мақалыны толықтай оқуға кеңес береміз. 

«Жанаспалы линзаларды шешпестен ұйықтау денсаулыққа үлкен қауіп төндіруі әбден мүмкін», – дейді Нью-Мексико  университетінің доценті Джон Фемлинг (Jon Femling) өзінің Annals of Emergency басылымына жариялаған зерттеу жұмысында.

Линзаларды ұзақ пайдалану мен оны ұйықтар алдында шешпеу кесіренен кератит микробы түрлі инфекцияларды таратады. Нәтижесінде көздің мөлдір қабаты қабынады.  

Линзаны дұрыс қолданбау кесіренен зардап шеккен емделушілердің көзі қайта қалпына келу үшін бірнеше ай емдеу шарасы керек болса, енді біріне көздің мөлдір қабатын қайта жаңарту керек болған. Арнайы ота көз инфекциясын қарапайым антибиотиктер арқылы емдеу мүмкіндігі болмай, қатты асқынған кезде ғана жасалады. Ал, қалған уақытта бірнеше апта немесе ай бойына көзге арналған арнайы тамшыларды сағат сайын тамызу арқылы емдеген.

Маман мысалға алған бір жағдайда 34 жастағы ер азамат  аптасына 3-4 рет жанаспалы линзамен тек ұйықтап қана қоймай, сонымен бірге су астында жүзгенін хабарлағанын айтады. Кейін көзінің қызарып, сол көзінде тағы бір мөлдір қабаттың пайда болғанын байқаған. Дәрігерге барған соң, екі ай көздің бактерия мен саңырауқұлақ инфекциясы деген диагноз бойынша ем қабылдаған. Бірақ, белгілер жоғалудың орнына, асқына түскен. 
линзаларWikimedia Commons

Кейін дәрігерлер қайта зерттеу жүргізіп, сирек кездесетін көз инфекциясын аңғарған. Ол Acanthamoeba keratitis деп аталатын табиғатта, соның ішінде су астында кездесетін амеба әсерінен пайда болған. Әрине, диагнозы анықталған соң, арнайы емді қайта қабылдап қалпына келгенмен, бұл үрдіс алты айға жуық уақытты керек еткен. Одан бөлек, оның көру қабілеті нашарлаған.

Ал,  59 жастағы ер азамат аңшылық кезінде түні бойы линзаны шешпестен киген. Киін көзінің қызарып, қатты ауырғанын айтып дәрігерге барған. Нәтижесінде ота жасалған. Ал, екі апта бойына шешпестен киген 57 жастағы азаматтың көздерінің мөлдір қабатының жұқарып, тесілгені анықталған.

Көз дәрігерлері кератит микробының өсуіне тек түні бойы линзамен ұйықтау ғана емес, көзді дұрыс күтпеу, линзаларды қолдану барысында тазалықты сақтамау әсер етеді дейді. «Сараптама көрсеткедей, линзаның арнайы жарамдылық мерзімінен асырып қолдану, ұйқы алдында линзаны шешпеу, ұзақ уақыт қолдану, дезинфекция мен жеке гигиена қабынуды күшейте түседі», – дейді Фемлинг.

Көздің мөлдір қабатының қабынуына жол бермеу үшін:
• Жанаспалы линзаларды қолданбастан бұрын қолыңызды жуыңыз.
• Суға шомылмас бұрын, ұйықтар алдында міндетті түрде линзаларды шешіңіз.
• Линзаларды дезинфекциялау үшін арнайы ерітінділерді қолданыңыз.
• Арнайы қораптарға салмас бұрын пайдаланылған ерітіндіні жаңасына алмастырыңыз.
• Линазаға арналған қораптарды тазартып тұрыңыз және үш ай сайын жаңартуды ұмытпаңыз. 

Көз саулығы тазалықтан басталады.

Т. Есқали