Қанттан қалай бас тартуға болады?

Қанттан қалай бас тартуға болады?
Фото: vladtime.ru

Біз қантты көп жейміз. Бірақ ол денсаулыққа өте зиянды. Ал одан қалай бас тартуға болады?

Қант көп тамақтың құрамында болады. Бірақ барлығының заттаңбасында жазылып тұрмайды. Қант мысалға глюкоза, сахароза, фруктоза, жүгері тұнбасы, бал, декстроза болуы мүмкін.

Үйде тамақтаныңыз. Егер сіз үнемі қоғамдық орындарда тамақтансаңыз қанттан бас тарта алмайсыз. Себебі ол жерлерде тамақтың дәмі жақсы болуы үшін үнемі қант қосады.

Өз күшіңізге сеніңіз. Қанттан бас тарта алатыныңызға, тамақты мөлшермен жей алатыныңызға сеніңіз.

Газды сусындардан бас тартыңыз. Бір бөтелке газдалған сусында бір тәулікке ұсынылатын қант мөлшерінен көп қант бар. Сонда қанша қантты ішіп жатқаныңызды есептеп көріңіз. Оның орнына таза су ішуге дағдыланыңыз.

Бас тарту емес азайту. Егер қанттан толықтай бас тарта алмасаңыз, мөлшерін азайтыңыз. Қантты азайту арқылы көптеген адамдар артық салмақтан құтылған.

●  Жасұнықты көбірек тұтыныңыз. Күніне 40 г жасұнық тұтынуға тырысыңыз. Егер жасұнық пен қант қатынасын 2:1 мөлшерінде сақтай алсаңыз жақсы болғаны. Жасұнық тоқтық сезімін береді.

Қантсыз таңғы ас. Таңғы асқа жұмыртқа, сүт, жеміс-жидек жейтін болсаңыз қанттың түк қажеті болмай қалады. Мәселе тек әдет пен, дағдыда ғана.

●  Тамақ ішуді жоспарлау. Егер сіз өзіңіздің тамақ ішу режиміңізді жоспарлай алмасаңыз жағдайыңыз қиын болмақ.

Мақсат қойыңыз. Мысал үшін 10 күн қантсыз тамақтану. Және соған қол жеткізуге тырысыңыз.

Дереккөз: reactor.inform.kz

Ө. Сансызбай