Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Пластик ыдыстар адам денсаулығына қауіпті

Пластик ыдыстар адам денсаулығына қауіпті

Пластик ыдыстар адам денсаулығына қауіпті

Тамақ салатын арнайы ыдыс – контейнерлерден пайдалану жылдан-жылға көбейіп келе жатыр. Бұл – табиғи жағдай. Себебі, онымен тамақты өзіңмен бірге алып жүру өте қолайлы. Зерттеулерге қарағанда күнделікті тұтынатын азығымызды мұндай пластик контейнерлермен алып жүру (немесе сол ыдыстағы тамақты жеу) адам денсаулығына қауіп төндіреді екен. Бір сөзбен айтқанда – зиян.
 
Не үшін тамақты контейнерде сақтау қауіпті?

Пластик ыдыстар өткен ғасырдың орталарынан бастап өндіріле бастады. Олар алғаш рет "Tupperware" маркасымен сатылымға шықты. Бұл маркадағы тамақ сақтайтын ыдыстар қазір де бар. Аталған компания әр-түрлі пішіндегі сапалы ыдыстар өндіреді. Бірақ, барлық контейнер өндірушілер сапалы ыдыстарды жасай бермейді. 
 
Контейнер-ыдыстар негізінен поликорбонат пластигінен жасап шығарылады. Тамақты микротолқынды пешке салып қыздыру кезінде Бисфенол А деп аталатын химиялық элемент бөлінеді. Оны пластик ыдысты қатайту үшін 50 жылдан бері пайдаланады. Қыздыру кезінде химиялық элемент тамақ құрамына өтеді екен.
 

Бисфенол адам ағзасына несімен зиянды? 

Бисфенол – эстрогеннің баламасы. Ол ми мен репродуктивті жүйеге әсер етеді. Бисфенол  – жүкті әйелдер мен бала емізетін аналар үшін өте қауіпті элемент. Бұл химиялық элементтің ана ағзасына түсуінің соңы баланың кеміс болып туылуына алып келеді. Сонымен бірге, бисфенол қатерлі ісік ауруларын дамытады. 

Әсіресе, балаларға пластик ыдыспен сүт беруден аулақ болыңыз. Құрамында бисфенол бар мұндай ыдыстар сәби тісінің дамуына кедергі келтіреді. Сондықтан дәрігерлер үнемі пластик ыдыстардан пайдаланбау керек екендігін айтады.

0
Рейтинг: +1

Фото: topsimages.com
Қосылған күні: 26 желтоқсан 2018, 10:13

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.