Ішектегі сағыздың шығу жолы

Ішектегі сағыздың шығу жолы
Фото: divomix.com

Байқаусызда сағыз жұтып қойып, кейін оның салдары жөнінде ақпарат іздеген шығарсыз. Тіпті, сағыздың асқазанда қорытылуы үшін 7 жыл уақыт керек дегенді құлағыңыз шалған шығар. Әрине, сағыз асқазанда дәруменге ыдырамайды. Бірақ, сағыз ағзадан шығады. Қалай?

Сағыздың құрамы қандай?
Алғашқы сағыздар тропикалық саподилла ағашы бөлетін ақшыл желім тәрізді чиклден жасалды. Кейін оның созылғыштығын арттыру үшін парафинді балауызды қолданды. Дегенмен, құрамы қанша өзгерсе де, чикл ең атақты өнімдердің бірі ретінде қалыптасты.  Басты себебін оның бұзылмайтындығымен байланыстырады.

Екінші Дүниежүзілік соғыстан соң ғалымдар сағыздың синтетикалық негізін жасауды қолға алды. Кейін синтетикалық көксағыз (каучук) пайда болды. Оның үстіне оған әр түрлі дәмдеуіштерді қосуға мүмкіндік туды.

Шайнау барысында бұзылмаған заттың ағзада ыдырауы да қиын. Сондықтан, табиғи чиклден не синтетикалық заттан жасалған сағыз құрамы өзгеріссіз қалады.

Ас қорыту жөнінде:
Ереже бойынша, асқазан-ішек жолдары арқылы тамақ ыдырауы тиіс. Өңеште ешқандай үрдіс жүрмейді. Оның бар қызметі – асқазанға тамақты тасымалдау.  

Асқазанның жұмысы өте ауыр. Ол тағамды қышқылмен араластырады, оны шырын мен қатты заттарға ыдыратқанша бөлшектейді. Шырын суспензиясы ішекке құйылады, ал қатты заттар аш ішекке өтіп, бактериялар көмегімен ыдырау үрдісін жалғастырады. Пайдалы заттар ішек қабырғалары арқылы ағзаға сіңеді.

Аш ішек соңында нәжіс материясы арқылы ағзаға түскен қатты заттар тоқ ішекке өтеді. Су тоқ ішекке жиналып, суспензияның қажетті мөлшері жеткенше ішекті толықтырып тұрады. Кейін, адам артық қалдықты сыртқа шығарады.

Бұл – күнделікті тағамдарды жеу барысында іске асатын үрдіс. Ал, сағыз ыдырамайды. Яғни, ортада тағамды ыдырататын үрдістің барлығы үздіксіз жүре бергенімен, сағыз үшін бұл тек А бағытынан Б бағытына жеткізуші құбыр болып қалады.

Уайымдау қаншалықты дұрыс?

Адам ағзасының қаншалықты дұрыс жұмыс жасайтындығына байланысты әр түрлі әсер қалдыруы мүмкін. Біреуінің асқазанында ауырлық туып, іш бүруі ғажап емес. Ал, кейбір адамдар үшін сағызды жұтып қойғаны байқалмайды да.  

Дегенмен, бұл сағызды үздіксіз жұта беруге болады дегенді білдірмейді. Ол ішектің жұмысына әсер ететіні анық.

Pediatrics журналында 1998 жылы жарық көрген мақалада ғалымдар балалардың сағыз жұтып қойып, кейін денсаулығына қауіп төнгенін сипаттайды. Кішкентайы 1,5 жаста болса, қалған екі бала – 4,5 жаста болған. Бірінші бала сағызды тиынмен бірге жұтқан, ал екі бала сағызды қоқысқа салудың орнына ішке жұтқан. Бір рет емес, бірнеше рет қайталанған әрекет нәтижесінде сағыздар бір-біріне жабысып, ішек жолын бітеп тастаған.

Сағыз ағзадан қашан шығады?

Адамдардың арасында тараған аңыз бойынша, сағыз ағзада 7 жыл тұрады. Егер бұл шындық болса, дәрігерлер міндетті түрде ішек жолдарынан сағызды табуы тиіс еді. Өйткені, адамдардың басым көпшілігі кездейсоқ сағызды жұтып қойды.

Ғалымдардың есептеуінше, бір сағыздың ағзадан шығуына кем дегенде 1 апта керек. Оның түсі, дәмі жоғалуы мүмкін. Бірақ, құрамы өзгеріссіз қалады.

Одан бөлек, сағыз шайнау іште газдың жиналуы мен ісінуне алып келеді.

Т. Есқали